×

Алматыда мемлекеттік сатып алуда әскерге қажетті азық-түлік бағасы артық көрсетілген

Жалпы сомасы 52 млн теңгені құрайтын үш конкурстың нәтижелері заңсыз деп танылған

Алматыда мемлекеттік сатып алуда әскерге қажетті азық-түлік бағасы артық көрсетілген
Сурет: ampravda.ru

Әскери прокурорлар материалдық қамтамасыз ету мәселелерінде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Алматы гарнизонының әскери прокуратурасы Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру дайындығын және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету қызметі» КММ-ін тексеру барысында азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезіндегі заң бұзушылықтарды анықтады. Азық-түлік бағасын есептеу кезінде негізсіз арттыру, конкурс құжаттамасында қажетті ақпараттың болмауы, әртүрлі медициналық тауарлардың бір лотқа біріктірілуі және т.б. анықталды”, – делінген прокуратура хабарламасында. 

Гарнизон прокуратурасының қадағалау актісі негізінде жалпы сомасы 52 млн теңгені құрайтын үш конкурстың нәтижелері заңсыз деп танылып, күшін жойды. Заң талаптарына сай жаңа конкурс рәсімдерін өткізу қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →