×

Шымкентте лайк баспаған қызметкерлерін жазалаған шенеунік қызметінен кетті

Ол әріптестеріне, қызметте серіктес болған азаматтарға алғыс айтты.

Шымкентте лайк баспаған қызметкерлерін жазалаған шенеунік қызметінен кетті

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының басшысы Марат Спатаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол әріптестеріне, қызметте серіктес болған азаматтарға алғыс айтты.

Құрметті әріптестер, достар, Шымкент қаласының жастары! Бүгіннен бастап Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығындағы»  басшылық қызметімді ресми түрде аяқтаймын. Бұл мен үшін өмірімнің маңызды, жауапты әрі ерекше кезеңдерінің бірі болды. Осы уақыт ішінде бірге жұмыс істеген барлық әріптестеріме, сенім білдірген басшылыққа және қолдау көрсеткен серіктестерге зор алғысымды білдіремін. Жастармен жұмыс істеу – менің жүрек қалауым әрі өмірлік ұстанымым. Осы салада жүзеге асқан әрбір жоба мен атқарылған әрбір іс мен үшін аса құнды, - деп жазды Марат Спатаев.

Сонымен қатар, ол жастардың болашағына үлес қосу бағытындағы ізденісі мен еңбегі әрі қарай жалғаса беретінін атап өтті. 

Иә, достар, осылай… Осы бір жыл ішінде жанашырлық танытып, шынайы қолдау білдірген барлық азаматтарға ерекше ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да шырайлы Шымқаламыздың гүлденуіне бірге атсалысамыз деген үміттемін. Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, отбасыңызға амандық, жүректеріңізге иман, істеріңізге береке тілеймін! Экс-әріптестеріме айтарым – өз басым ешқашан “Я начальник – ты дурак” дейтін “кеңестік көзқараста” болған жоқпын. Алдағы уақытта жолымыз тоғысып жатса, сыйластықта болайық. Өмір өткінші, ал шынайы сыйластық – мәңгілік. Жастардың болашағына аз да болса үлес қосу – үлкен мәртебе. Бұл бағыттағы ізденісім мен еңбегім жалғаса береді, - деді экс-басшы.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте жастар орталығының басшысы желідегі жазбаға лайк баспаған қызметкерлерді жазалағанын жазған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →