×

Қажылыққа баратындарға маңызды ескерту жасалды

Биыл Қазақстаннан 4500 адам қажылыққа аттанады. 

Қажылыққа баратындарға маңызды ескерту жасалды
Pixabay.com

Сауд Арабиясы Корольдігі 2025 жылдың 29 сәуірі мен 10 маусымы аралығында заңсыз және визасыз қажылық жасаған, сондай-ақ оларға көмектескен адамдарға да тыйым салынатынын жариялады, деп хабарлайды qaz365.kz.

ҚМДБ мәліметінше, бұл шешім қажылық маусымындағы өлім жағдайына апаратын кептелістердің алдын алу үшін қабылданып, тыйым салу процесі күн сайын қатаңдатылу үстінде. Осыған орай корольдік айыппұл салу, яғни жаза шараларын мынадай жағдайларда қолданатынын ескертті: 

  • Алдымен қажылықты заңсыз орындап жатқан немесе орындауға әрекет еткен азаматтар көрсетілген уақыт аралығында қасиетті орындарда қалуға немесе зиярат жасауға әрекет еткен барлық түрдегі ВИЗА иелеріне 20 мың Сауд Арабиясы риалы немесе 5300 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салу белгіленді.
  • Қажылық визасы жоқ шетел азаматтарына, қажылықты орындауға әрекет етіп Мекке және қасиетті орындарға кірген азаматтарға және шетелдіктердің сапарын басқа визалар арқылы ұйымдастырған жауапты өкілдерге 100 мың Сауд Арабиясы риалы (шамамен 26 600 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл айыппұл сомасы әрбір жалған виза үшін жеке-жеке түрде есептеледі. Сонымен қатар заңсыз түрде Мекке аумағына кіргендерді жасырғандар, оларды тасымалдаған көлік жүргізушілері, орналастырған қонақ үйлер мен  жеке үй иелеріне де  26 600 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады.
  • Заңсыз түрде Қажылық жасауға әрекет еткен азаматтар, Сауд Арабиясында уақытша тұрған, уақыты аяқталған немесе заңсыз түрде мекендеп отырған азаматтар өз еліне депортация жасалады және олардың 10 жыл Сауд Арабиясына кіруіне тыйым салынады.
  • Қажылық визасы жоқ шетелдік азаматтарды тасымалдаған транспорттар оларға көмектескен азаматтарға тиесілі болса, ол көліктер сот арқылы мемлекет есебіне өткізіледі.
  • ВИЗА уақыты аяқталса да, Саудия аумағынан шығып кетпеген шет ел азаматтарына 50 мың риал (13 300 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл, 6 айға дейін қамау жазасы және депортация жазасы белгіленген.

Сауд Арабиясы биыл қажылыққа келетін 1 млн 800 мың адамды күтіп алуды  және оларға қызмет көрсетуді жоспарлауда. Осы орайда қажыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында қажылық жасау ресми түрде тек қана қажылық визасы арқылы жүзеге асырылады, басқа кез келген виза түрімен Мекке мен қасиетті жерлердің аумағына кіруге тыйым салынады.

Ал елімізден ресми 4500 адам қажылыққа аттанады. Олар 24-31 мамыр аралығында қасиетті мекенге барып, 10-16 маусым аралығында елге оралады деп жоспарлануда.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы  барша жамағатты Сауд Арабиясы Корольдігі Қажылық және ұмра министрлігінің шетелдік азаматтарға қатысты ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сонымен қатар, биыл қажылыққа ниет еткен отандастарымызға қандай да бір заңсыз әрекеттерге бармауды және қажылық орындарын алмаған лицензиясы жоқ турфирмаларға жазылмау қажеттігін ескертеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
“Бодандықтың айдары деп есептеймін”: депутат Ринат Зайытов «ов» тегінен неге бас тартқанын айтты
Бүгін, 11:18

“Бодандықтың айдары деп есептеймін”: депутат Ринат Зайытов «ов» тегінен неге бас тартқанын айтты

Ол басқа депутаттарға тегін ауыстыру жөнінде үндеу тастағысы келмейтінін айтқан
Бұл - 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бері ең төменгі деңгей. 
Алматының Туризм бюросы алғашқы гастрогидін ұсынды: қала қонақтары үшін 140-тан астам тамақтану орны мен гастрономиялық бағыт қамтылған
Ол әріптестеріне, қызметте серіктес болған азаматтарға алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →