Астанада өткен VІ республикалық имамдар форумында ас берудің тәртібі мен мәзірі бекітілді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еске алу рәсімі кезінде дастарханды жайнатып, жеміс-жидек, тәттілер қойып ысырапшылдыққа бой алдыратындарға тосқауыл қоймақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Almaty.tv арнасының мәліметінше, Астанада өткен VІ республикалық имамдар форумында ас берудің тәртібі мен мәзірі бекітілді. Құжатта алты түрлі тағамның түрі жазылған. Олар нан өнімдері, шәй-су, ыстық тағам, тары-талқан, сары май, қант-кәмпит. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "бұл ұсыныс, ешкімді міндеттемейміз" дейді. Жиынға жиналған имамдар құжатты халыққа кеңінен насихаттайтын болады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құжатты қабылдардың алдын республикадағы имамдардан ұсыныс алынды. Жергілікті халық әртүрлі пікір айтады. Имамдардың ұсыныстарын ескере келе, ортақ шешімге келдік, – деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы.