×

«Мысырда Қазақстан азаматтарын жаппай ұстап жатыр»: СІМ не дейді?

Куәгерлердің айтуынша, соңғы апталарда осы үш елден келген кейбір отбасылар туыстарын таба алмай, әбігерге түскен.

«Мысырда Қазақстан азаматтарын жаппай ұстап жатыр»: СІМ не дейді?
видеодан скриншот

14 мамырда әлеуметтік желілерде Мысыр астанасы Каир қаласында Қазақстан, Өзбекстан және Ресей азаматтарына қатысты кең ауқымды рейд жүргізіліп жатқаны туралы бейнежазбалар тарап кетті. Бұл ақпаратты ресейлік «Осторожно, новости» Telegram арнасы таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Куәгерлердің айтуынша, соңғы апталарда осы үш елден келген кейбір отбасылар туыстарын таба алмай, әбігерге түскен. Жергілікті қауіпсіздік қызметі азаматтарды көшеде күшпен ұстап алып кетіп жатқаны айтылуда. Қолға түскендердің арасында студенттер де бар. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, құқық қорғау органдары студенттердің құжаттарының болуына қарамастан, оқу орындарының маңында аңдып тұрып, оларды ұстап, елден шығарып жіберуде.

Бұл жағдайға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, әзірге қазақстандықтар тарапынан ешқандай шағым немесе ресми өтініш түспеген.

Қазақстан азаматтарынан ешқандай өтініш келіп түскен жоқ. Сонымен қатар, елшілік жергілікті көші-қон заңдарын сақтау бойынша студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін, 13 мамырда Өзбекстанның Мысырдағы елшілігі де осыған ұқсас жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Онда жергілікті билік оқу мақсатында келген азаматтардың құжаттарын тексеріп жатқаны айтылған. Елшілік таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда бес өзбекстандық азамат ұсталған. Сонымен қатар елшілік азаматтарға жеке құжаттарын үнемі өздерімен бірге алып жүру қажеттігін ескерткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды
Бүгін, 18:14

Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды

Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 
Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған
Ол бұл бағытта жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →