×

Қазақстанда педофилдер өмір бойына есепке қойылуы мүмкін

Ішкі істер вице-министрі осылай деп отыр. 

Қазақстанда педофилдер өмір бойына есепке қойылуы мүмкін
Pixabay.com

Мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қазақстанда балаларды қорғауға бағытталған қандай шаралар ұсынылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды qaz365.kz.

Игорь Лепеханың айтуынша, «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған адамдарға қатысты бақылауды күшейту көзделіп отыр.

Бүгінгі таңда әр педофил түрмеден босатылғаннан кейін 8 жыл бойы ішкі істер органдарының әкімшілік бақылауында болады – бұл соттылықтың жойылу мерзімі. Біз енді осы бақылауды мерзімсіз ұзарту тәртібін енгізуді ұсынып отырмыз. Әр жарты жыл сайын біз сотқа жүгініп, бұл адам тарапынан осындай қылмысты қайта жасау қаупі бар екенін дәлелдеп, бақылауды тағы жарты жылға ұзартуды сұраймыз. Ең дұрысы, мұндай тұлғалар өмір бойы бақылауда болуы керек, – деді Лепеха.

Сондай-ақ, вице-министрдің сөзінше, құқық қорғау органдары мұндай адамдардың кей жерлерге баруын шектеу құқығына ие болады.

Біз, мысалы, оларға мектептер мен балалар мекемелерінің маңында жүруге тыйым сала аламыз. Бұл шектеулер сот арқылы бекітіледі. Егер олар сол аумақта көрінсе, әкімшілік бақылауды бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Бұған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар түнгі уақытта үйден шығуға тыйым салу сынды шектеулер де енгізілуі мүмкін. Бүгінде мұндай әкімшілік бақылау жүйесі бар, бірақ ол тек 8 жылмен шектеледі. Енді біз оны әлдеқайда ұзақ мерзімге кеңейтуді ұсынып отырмыз, – деп түсіндірді Игорь Лепеха.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды
Бүгін, 18:14

Қазақстанда тағы бір «Айтыстың ақтаңгерінің» баласы алаяқтық жасады деп айыпталды

Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 
Қазіргі таңда тегін мемлекеттік үйірмелермен 250 мыңнан астам баланы қамтылған
Ол бұл бағытта жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →