×

Майя Бекбаева: Маған қарсы ақпараттық шабуыл жүріп жатыр

Контекстен жұлып алып, сөздерімді бұрмалап, монтаждалған видеолар таратылып жатыр.

Майя Бекбаева: Маған қарсы ақпараттық шабуыл жүріп жатыр

Танымал тележүргізуші, тарихи тұлғалар туралы деректі фильмдер дайындап жүрген документалист Майя Бекбаеваның соңғы күндері басы дауға қалды. Оған «қазақ әйелдерін қорлады» деген айып тағылып отыр. Тележүргізуші мұны «ақпараттық шабуыл» екенін жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Құрметті достар, менің атыма әдейі ұйымдастырылған ақпараттық шабуыл жүріп жатыр. Контекстен жұлып алып, сөздерімді бұрмалап, монтаждалған видеолар таратылып жатыр. Бұл жалған әрі қасақана жасалған әрекет деп білемін. Жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап береді.Мені жамандап жатқан себебі қазақ халқының тарихы жайлы бұрын айтылмаған тақырыптарды көтеріп жүргенім. Мені танитын, жұмысымды білетін мыңдаған адамдар менің өз халқымды қорлайтындай сөз айтуым мүмкін емес екенін біледі. Себебі, бұл ақылға қонымсыз.Кейбір әлеуметтік желідегі жазбалар әдейі қаралау алаңына айналғандай. Ашық пікір қалдыру арқылы жаман сөздер айтылып жатыр. Бұл пікірталас емес, әдейі ұйымдастырылған жаппай шабуыл.Қазір ресми жауап дайындап жатырмын. Барлығына нүкте қойылады, - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі журналист Мұхтар Түменбай Бекбаева қазақ әйелдерін кемсітіп пікір білдіргенін жазған еді. Алашордашылар туралы бейнероликте олардың «орыс әйелдерін алғаны» талқыланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Чемпионатқа 170-тен астам қатысушы — студенттер, түлектер мен 21 жасқа дейінгі жас мамандар қатысқан
Жалпы, кейінгі кездері мемлекеттік ақпарат құралдарының саны азайып жатыр.
Отбасы тақырыбы, әсіресе, биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ерекше маңызға ие болып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →