×

Шығыс Қазақстанда "WorldSkills Shygys 2025" өңірлік чемпионаты аяқталды

Чемпионатқа 170-тен астам қатысушы — студенттер, түлектер мен 21 жасқа дейінгі жас мамандар қатысқан

Шығыс Қазақстанда "WorldSkills Shygys 2025" өңірлік чемпионаты аяқталды
Сурет: Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ШҚО-да кәсіби шеберлік бойынша “WorldSkills Shygys 2025” өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Чемпионатқа 170-тен астам қатысушы — студенттер, түлектер мен 21 жасқа дейінгі жас мамандар қатысты. Ауқымды іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар  жылы аясындағы маңызды оқиға болды.

Мамырдың 12-16 аралығында чемпионат өңірдің колледждерінде, Құзырет орталықтарында және өндірістік кәсіпорындарында өтті. Қатысушылар мехатроника мен дәнекерлеу технологияларынан бастап графикалық дизайн мен веб-дамуға дейінгі 38 құзыреттілік бойынша бақ сынасты. Сарапшы ретінде өндірістік оқыту шеберлері мен өнеркәсіптік компаниялардың жетекші мамандары қатысты.

Чемпионаттың басты мақсаты — жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту. Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары қараша айында Астанада өтетін WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын болады.

Чемпионаттың жабылу салтанаты Өскемен қаласында өтті. Салтанатты шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығына тоқталды:

“Адам өз ісінің нағыз шебері болып, мамандығына ынта-жігермен және кәсібилікпен қарауы маңызды. Біздің облыс — еліміздегі алдыңғы қатарлы индустриялық өңірлердің бірі. Кәсіпорындарымыз халықаралық деңгейге шығып жатыр. Мысалы, ТМК Үндістанда филиал ашып, енді АҚШ-та кеңсе ашуды жоспарлап отыр. Бұл – біздің өнеркәсібіміздің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің дәлелі. Дәл сіздер осы кәсіпорындарда еңбек етіп, елдің болашағын құратын боласыздар.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Өскемен қаласының Жоғары политехникалық колледжі, екінші орынды Риддер қаласының колледжі, үшінші орынды Өскемен қаласының Көпсалалы технологиялық колледжі иеленді.


Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен сертификаттарға ие болды, ал кейбір қатысушылар жоғары шеберлігі үшін арнайы марапатталды.

Чемпионаттың бас демеушісі «Казцинк» компаниясы болды. «Казцинк» ЖШС-нің басқарушы директоры Андрей Лазарев мұндай жарыстарға қатысу жастарды ынталандырып, тәжірибелік дағдыларға қызығушылықты арттыратынын және жұмысшы мамандықтардың өзектілігін дәлелдейтінін атап өтті.

WorldSkills Shygys 2025 жай ғана жарыс емес, тәжірибе алмасуға, жаңа білім беру стандарттарын енгізуге және жұмысшы мамандықтарын елдің орнықты дамуының маңызды құрамдас бөлігі ретінде ілгерілетуге арналған алаңға айналды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы вице-министрдің ұсталғаны ресми расталды
Бүгін, 12:21

Бұрынғы вице-министрдің ұсталғаны ресми расталды

Ведомство тергеу органдарымен заң аясында бірлесе жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін ол ешқашан жоғалып көрмеген
Сағи мен Елдиярдың сөзінше, олар есімі елге белгілі айтыскер ақынның қызымен бизнес бастамақ болған.
Тергеу «Құпия» белгісімен жүргізілген. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →