×

«Бүлдіршінге кешірім берген»: Соғыс ардагері оқыс жағдайдан соң көз жұмды

Ардагер ауруханада жатқан еді. 

«Бүлдіршінге кешірім берген»: Соғыс ардагері оқыс жағдайдан соң көз жұмды
instagram.com/gaueznurmukhambetov

Петропавл қаласында 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Макиенко қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ардагер көше бойында жолды кесіп өтпек болған қызбен соқтығысып, ауыр жарақат алған болатын.

Соғыс ардагерінің қазасы туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі хабарлады.

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Васильевич Макиенко дүниеден өтті. Ардагердің өмір жолы – ерлік пен адал қызметтің жарқын үлгісі. Ол майданға он сегізге толмай аттанып, атқыштар полктерінде ауыр шайқастардан өтті. Көрсеткен ерлігі үшін орден және медальдармен марапатталды. Соғыстан кейін өңірдің дамуына елеулі үлес қосты. Су шаруашылығында еңбек етіп, 13 жыл техникалық жабдықтау басқармасы бастығының орынбасары болды.

Былтыр ол Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойған сәт солтүстікқазақстандықтар үшін әсерлі болды. Келесі жылы 100 жасқа толар еді, – деп жазды аймақ басшысы.

Естеріңізде болса, оқиға 2025 жылдың 20 сәуірінде болған. Василий Макиенко әдеттегідей серуендеуге шығып, көгершіндерге жем беру үшін көшеге шыққан. Жол қиылысында ол жүгіріп өтпек болған тоғыз жасар оқушымен соқтығысып, жерге құлап, салдарынан ауыр жарақат алған.

Осыдан кейін ардагер ауруханаға жеткізіліп, алдымен травматология бөлімінде, кейін жансақтау бөлімінде емделді. Дәрігерлер бар күшін салғанымен, оның өмірін сақтап қала алмады.

Кейін қыз бала ардагерді байқамай соғып кеткенін, тіпті не болғанын да түсінбей қалғанын айтқан. Кейін ол анасымен бірге ауруханаға келіп, ардагерден кешірім сұраған. Ал Василий Макиенко кешірім берген екен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда бизнес үшін қандай жағдайлар жасалуда
Бүгін, 22:53

Қостанайда бизнес үшін қандай жағдайлар жасалуда

Шетелдік жұмыс күшін қатыстыру үшін артықшылықтар – оңайлатылған квоталармен визалық режим қарастырылған
Чемпионатқа 170-тен астам қатысушы — студенттер, түлектер мен 21 жасқа дейінгі жас мамандар қатысқан
Контекстен жұлып алып, сөздерімді бұрмалап, монтаждалған видеолар таратылып жатыр.
Жалпы, кейінгі кездері мемлекеттік ақпарат құралдарының саны азайып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →