×

АНТИПАРАКВЕСТ: Ұлытау облысында ерекше форматтағы жастар ойыны өтті

Ойынға облыс бойынша 10 команда қатысты

АНТИПАРАКВЕСТ: Ұлытау облысында ерекше форматтағы жастар ойыны өтті
Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұлытау облысында жастарға арналған квест-квиз-челлендж форматындағы «АнтиПараКвест» ойыны өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жастардың белсенділігін арттыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуды мақсат еткен шараға аймақ басшысы Дастан Рыспеков және облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан Джолдыбаев арнайы қатысты.

Облыс әкімі өз сөзінде:

«Бүгінгі жастар – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлғалар. Мұндай ойындар олардың ой-өрісін дамытып, әділдік пен парасаттылық құндылықтарын нығайта түседі», – деді.


Ал департамент басшысы:

«АнтиПараКвест – бұл жастармен тиімді тіл табысудың, оларды тыңдаудың заманауи әдісі. Бұл – тәрбиелік мәні зор, әрі тартымды формат», - деп атап өтті.

Ойынға облыс бойынша 10 команда қатысты. Қатысушылар төрт кезеңнен өзара сайысып, білім мен логикаға, жылдамдық пен топтық жұмысқа негізделген тапсырмаларды орындады. Әр кезеңде жастар адалдық, ашықтық, құқықтық сауаттылық пен қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайтын сұрақтарға жауап берді.


Қызықты әрі тартысты өткен сайыс нәтижесінде:

  • І орынды – «Адал live», Жаңаарқа ауданының №1 мектеп-лицейі; 
  • ІІ орынды – «Голос прозрачности», Қаражал қаласының №3 жалпы білім беретін мектебі;
  • ІІІ орынды – «Адалдық патрулі», Қаражал қаласының №6 жалпы білім беретін мектебі жеңіп алды. 


Сонымен қатар, аталған ойынға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен:

  • «Жемқорлықсыз жастар», Жезқазған бизнес және көлік колледжі;
  • «103», Жезқазған жоғары медициналық колледжі;
  • «Жемқорлықсыз болашақ», «Қазақмыс» Корпорациясының технологиялық колледжі;
  • «Таза қоғам», «Денсаулық» медициналық колледжі;
  • «MindHackers», Бименде Амалбеков атындағы тірек мектебі;
  • «САФ ЖҮРЕК», Жаңаарқа ауданының Еламан Шаханов атындағы тірек мектебі
  • «Бірлік», Ұлытау ауданының №1 тірек мектебі,

Барлық қатысушы және жеңімпаз командаларға ұйымдастырушы тарапынан диплом, бағалы сыйлықтар (колонка, принтер,телевизор, имидждік өнім) мен статуэтка табыс етілді.


Ойын соңында қатысушылар адалдық челленджін еліміздің өзге қалалары мен облыстарына жолдады.

Айта кетейік, іс-шара Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында және Ұлытау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті, Ұлытау облысының білім басқармасы мен «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлесітігінің ұйымдастыруымен өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысының жаңа логотипі таныстырылды
Бүгін, 17:42

Абай облысының жаңа логотипі таныстырылды

Логотиптегі жазу латын қарпімен «Abai» деп жазылған, әрбір әріп терең мағыналық жүктемемен безендірілген:
Шетелдік жұмыс күшін қатыстыру үшін артықшылықтар – оңайлатылған квоталармен визалық режим қарастырылған
Чемпионатқа 170-тен астам қатысушы — студенттер, түлектер мен 21 жасқа дейінгі жас мамандар қатысқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →