×

Шетелге көшіп кеткенін айтқан Ермек Тұрсыновқа қатысты Антикор мәлімдеме жасады

Ол бұған дейін «Тұрсыновфильм» ЖШС аясында Ермек Тұрсыновтың серіктесі болғаны анықталды.

Шетелге көшіп кеткенін айтқан Ермек Тұрсыновқа қатысты Антикор мәлімдеме жасады

Шетелге кеткенін айтқан режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу іс-шараларын жүргізбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Агенттік дерегіне сәйкес Тұрсыновтың Facebook желісінде берген ақпараты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне белгісіз.

Сонымен қатар бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ішкі аудит қызметінің қорытындысымен және арызымен «Долгое эхо» көркем фильмін дайындау кезінде лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін киностудияның бұрынғы басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы «Н» режиссерінің жүгінгенін хабарлаймыз. Оның арызы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген хабарламада. 

Қосалқы мердігер ретінде жұмыс атқарған – «Alashfilm» ЖШС, оның бұрынғы директоры — азамат «Т». Тергеу барысында ол куәгер ретінде бірқатар тергеу әрекеттеріне қатысты. Ол бұған дейін «Тұрсыновфильм» ЖШС аясында Ермек Тұрсыновтың серіктесі болғаны анықталды.

Алайда, Тұрсынов тергеу органына шақырылмаған, іс бойынша ешбір тұлға күдікті деп танылған жоқ.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағы 1-тармақшасына және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін кез келген адам кінәсіз деп есептеледі.

Бұған дейін Ермек Тұрсынов шетелге кеткенін мәлім еткен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевтың елден кеткені рас па
Бүгін, 21:28

Танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаевтың елден кеткені рас па

Мешіт саламын деген азаматтар көмектессе - халық игілігіне жарайтын мықты клиника жасаймыз
Іс бойынша екінші айыпталушы – Ләззат Көккөзова сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Логотиптегі жазу латын қарпімен «Abai» деп жазылған, әрбір әріп терең мағыналық жүктемемен безендірілген:

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →