×

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген, 90 пайызы ескірген

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді
Сурет: @KZgovernment

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,8 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

 Қаражат шаруашылық-ауыз су тазарту құрылысын жаңғыртуға мүмкіндік беретін мембраналық жабдықты орнату арқылы қуаты тәулігіне 124 мың м3 қолданыстағы тазарту құрылыстарын толық реконструкциялау жобасының екінші кезегін жүзеге асыруға бағытталды.

Аталған жобаны жүзеге асыру Жезқазған қаласы тұрғындары үшін әлеуметтік маңызды мәселе болып отыр.

 Облыс орталығын сумен жабдықтау Кеңгір су қоймасы арқылы жүзеге асырылады. Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген. Жабдықтар мен технологиялардың тозуы шамамен 90%-ды құрайды.

 Бөлінген қаржы қазіргі уақытта 93,3 мың адамды құрайтын Жезқазған қаласы халқының әлеуметтік-экологиялық ахуалын одан әрі жақсартуға және тұрғындардың санитарлық-гигиеналық өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі
Бүгін, 14:33

Райымбек ауданындағы жол мәселесі: Әкім уәдесі

Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық
Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Мешіт саламын деген азаматтар көмектессе - халық игілігіне жарайтын мықты клиника жасаймыз

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →