×

«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты

 Ұлттық қорға қаражат аударатын мұнай компанияларының саны 8,5 есе азайған

«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты
Сурет: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мемлекеттік органдардың есебінен қайшылық тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалған мәжілістегі отырыста депутат осы мәселеге назар аударды.

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне келер болсақ, өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,9 пайызға өсіп жатыр деп есеп берілген кезде салық түсімі қалайша 264 млрд теңгеге азайып кеткен? Әдетте, өнеркәсіп мөлшері өскен кезде салық түсімі де көп болуы керек қой. Ал бұл жерде бір мистика бар. Бұл қалай? Мен мұны мистика деп есептеймін», –  деді депутат.

Бақытжан Базарбектің айтуынша, кәріз-тазарту жүйесінің тозу деңгейі Қарағанды облысында 2021 жылы 80 пайыз, 2022 жылы 86 пайыз, ал 2023 жылы 64 пайыз екені көрсетілген.

«Кесіртке құйрығынан айырылса, қайта өсіп шығатынын білемін. Ал бұл жағдайда қаражат бөлмей-ақ, Қарағандының кәріз жүйесі өздігімен жақсарып, жаңара бастаған. ШҚО-да 274 пайыз тозған дейді. Ақмола облысында 300 пайыздан асып кеткен. Абай облысында 165 пайыз дейді. Тозу деңгейі 100 пайызбен есептелетінін білемін. 470 пайызы тозған дегенді қалай түсінеміз?» –  деді ол.

Қаржы министрлігі Ұлттық қорға қаражат аударатын мұнай компанияларының саны 8,5 есе азайған деп көрсеткен. 204 ұйымнан 24 ұйымға дейін азайып, 165 млрд түспегенін көрсетеді. Базарбек жаңа салық кодексінің жобасын Мәжіліс мақұлдамай тұрып, осы компаниялар саны бойынша сандарды өтірік көрсеткенін атап өтті. 

«Қаржы министрлігі біздің алдымызға келген кезде осы сандарға сүйеніп еді ғой. Енді аудиторлар бұл сандардың өтірік екенін анықтап отыр. Депутаттар ретінде сеніп қалдық қой. Енді не істейміз? Салық кодексін қайтарамыз ба?» –  деп сұрады Базарбек.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі Айгүл Кенжебаева министрлік таратқан ақпараттарды қайта тексеру керектігін айтты. Оның сөзінше, өңдеу өнеркәсібі ішінде мұнай-газ, мұнай-химия, тамақ өнеркәсібі көрсеткіштерінің бәрі кіреді. Кенжебаева сандарды қайта тексеретінін мәлімдеді.

Ал қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков «ешкімді адастырып отырмағанын» айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте "жұмаққа" билет сатылып жатыр
Бүгін, 17:41

Шымкентте "жұмаққа" билет сатылып жатыр

Әзілкеш құны 50 млн тұратын талон сатқан
Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық
Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген, 90 пайызы ескірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →