×

ДДҰ: Соңғы 20 жылда әлемде темекі шегу деңгейі 30%-ға төмендеген

Оған арнайы қабылданған құжат себеп.

ДДҰ: Соңғы 20 жылда әлемде темекі шегу деңгейі 30%-ға төмендеген
Pixabay.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Женевада өткен 78-сессияда темекі шегуге қарсы күрес нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды qaz365.kz.

Оның айтуынша, соңғы жиырма жыл ішінде әлемде темекі тұтыну деңгейі шамамен үштен бірге қысқарған. Бұл жетістік ДДҰ-ның 20 жыл бұрын қабылдаған Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының арқасында мүмкін болды.

Бұл құжаттың қабылданғанына биыл 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде жаһандық деңгейде темекі шегу айтарлықтай азайды, — деді Тедрос Аданом Гебрейесус.

Соған қарамастан, ДДҰ басшысы темекінің әлі де адам денсаулығына төнетін басты қауіптердің бірі екенін атап өтті. Оның мәліметінше, темекі шегетін адамдардың жартысы осы зиянды әдет салдарынан көз жұмады.

Әлемде жыл сайын темекі тартудың кесірінен 8 миллионнан астам адам қайтыс болады. Оның ішінде 1,2 миллионы — темекіні пассивті түрде шегетіндер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады
Бүгін, 11:07

Бұрынғы депутаттың қызы ғарышқа турист ретінде аттанады

Қарағұсова бұл миссияның оның өміріндегі ерекше маңызын атап өтті.
Елімізде жыл сайын 1 қазан – Халықаралық қарттар күні аталып өтеді
Зерттеу нәтижесі жастардың ел дамуына қосар үлесін айқындады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →