Жалпы жиынға 60 жуық адам қатысты
2025 жылдың 19 - мамыр күні Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағанбайұлы Ұйғыр ауданына іс -сапармен келіп, аудан әкімінің орынбасары Ерасыл Толымбекұлының төрағалығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ауданның зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар мен аналар кеңесінің, үкіметтік емес ұйым мүшелерімен, белсенді жастар және мешіт қызметкерлерімен “Ислам және отбасы құндылығы" жылы аясында "Ата мен әже қазақи тәрбиенің бастау бұлағы" тақырыбында кездесу өткізді.
Аталған кездесуде отбасы құндылығы – мейірім, махаббат, сыйластық пен сенімге негізделген рухани байлық жайлы, сондай-ақ адамның тұлға болып қалыптасуына, өмірге деген көзқарасының дұрыс болуына ықпал ететіні туралы сөз болды. Жиынға қатысқан ақсақалдар отбасы, оның ішінде жас отбасыларды қолдау, дініміз бен дәстүрімізді құрметтеу туралы өз ойын ортаға салды.
Жалпы жиынға 60 жуық адам қатысты.