×

Жаңа баспана - жаңа серпін: Ұзынкөлде 18 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр

Мамандардың айтуынша, нысан уақытылы тапсырылады.

Жаңа баспана - жаңа серпін: Ұзынкөлде 18 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр

Ұзынкөл ауданының орталығы – Ұзынкөл ауылында жаңа тұрғын үй құрылысы қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Б.Дощанова көшесі, 10-үй мекенжайында бой көтеріп жатқан 18 пәтерлі көпқабатты үй заманауи құрылыс стандарттарына сай салынуда. Жалпы ауданы — 1063,7 шаршы метрді, тұрғын алаңы — 598,4 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй барлық қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Жоба тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл — ауыл халқының тұрмыс сапасын арттыруға және елді мекендердің тартымдылығын көтеруге бағытталған маңызды бастама.

Құрылыс барысы жергілікті биліктің жіті бақылауында. Аудан әкімдігі сапа мәселесіне баса мән беріп отыр. Мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар жүктеліп, қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен жұмыстың белгіленген мерзімде аяқталуы қатаң қадағаланып отыр. Аудан басшылығы құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді ескертті.

Мамандардың айтуынша, нысан уақытылы тапсырылады. Жаңа тұрғын үй ауылдың әлеуметтік бейнесін жақсартып қана қоймай, жас мамандарды тартуға, тұрғындарды баспанамен қамтуға және ауылдың даму әлеуетін арттыруға ықпал етпек.

Ұзынкөл ауданы соңғы жылдары инфрақұрылымды нығайту бағытында тұрақты қадамдар жасап келеді. Бюджеттік қаржыландыру көлемінің артуы елді мекендерде жаңа жобаларды жүзеге асыруға, экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік беріп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ар-намысыма тиді»: белгілі адвокат журналист Жылқышыбайды сотқа беретінін мәлімдеді
Бүгін, 19:46

«Ар-намысыма тиді»: белгілі адвокат журналист Жылқышыбайды сотқа беретінін мәлімдеді

Адвокат журналистің өзінің жеке өмірін сөз етуге хақы жоқ екенін айтқан
Марат Қарабаев қаражаттың қайда жұмсалғанын да алға тартты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →