×

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы өтеді

Санақ бірнеше кезеңнен тұрады.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы өтеді
Pixabay.com

Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын жан-жақты зерттеп, нақты деректерді жинауға бағытталған Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Ауқымды науқанға дайындық 1,5 жыл бұрын басталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Санақ бірнеше кезеңнен тұрады. 1-30 маусым аралығында елдегі 70 қалада алдын ала тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл уақытта арнайы мамандар жеке қосалқы шаруашылықтарды аралап шығады.

Санақтың негізгі кезеңі 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтеді және ол екі форматта жүзеге асырылады – онлайн және офлайн.

1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн-сауалнама басталады.

Бұл кезеңде заңды тұлғалар, фермерлер мен жеке үй шаруашылықтары санақ парақтарын өз бетінше онлайн толтыра алады.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Санаққа келесі санаттағы шаруашылық иелері қатысады:

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер,

Жеке қосалқы шаруашылығы бар азаматтар,

Мал шаруашылығы, егіншілік және балық шаруашылығымен айналысатын үй иелері мен шаруа қожалықтары.

Мақсат – ауыл шаруашылығының нақты ахуалын анықтау, саланы дамыту үшін тиімді саясат қалыптастыруға негіз болатын өзекті мәліметтер жинау, - деді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Күнтізбеге сәйкес, Қадір түні 16 наурыздан  17-сіне қараған түнге сәйкес келіп тұр
Forbes есебіне қарасақ, Нұрәли Әлиев былтыр Қазақстандағы ең бай адамдар тізімінде 289 млн доллармен 39-орынға тұрақтаған
Қайтарылған дүниенің сатылғаны жайлы ақпараттар шыққанымен, тәркіленгені жайлы жаңалықтар саябырлап қалды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →