×

Алматыда аквапаркке тегін кіреміз деген жұрт тапталып қала жаздады

Ұйымдастырушылар 100 тегін билет беретінін айтқан. 

Алматыда аквапаркке тегін кіреміз деген жұрт тапталып қала жаздады
Видеодан алынған кадр

Алматыда жаңа ашылған аквапаркке арналған жарнамалық акция төтенше жағдайға ұласа жаздады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сауда орталығында өткен шара аясында алғашқы 100 келушіге аквапаркке тегін билет уәде етілген, бұл жаңалықты естіген халық сауда орталығына лап қойды.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан адамдардың сауда орталығының есігі ашыла салысымен жаппай жүгіріп кіргенін, бір-бірін итеріп, басып-озуға тырысқанын байқауға болады.

Пікір білдірушілер бұл әрекетке қатысты сыни пікірлер жазып жатыр:

«Сонда бір билет үшін адамгершіліктен айырыламыз ба?»

«Есік ашылғанда эвакуация басталғандай көрінді!»

«Мұндай әрекетке қарап ұялып отырмын...»

Акцияны ұйымдастырушылар бұл жайтқа байланысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар бұған дейін куәгер ретінде жауап берген. 
Жас ақынның осыған дейін үш кітабы жарық көрген.
6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →