×

1 маусымнан бастап жүк көліктері үшін шектеулер енгізіледі

Шектеу тамызға дейін созылады. 

1 маусымнан бастап жүк көліктері үшін шектеулер енгізіледі
Pixabay.com

Жаз мезгілінде республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, бұл шаралар күннің ыстығында жол жамылғысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Шектеу мерзімі:

- еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;
- солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.

Шектеулер +25°C жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі.

1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:
- Алматы облысы;
- Атырау облысы;
- Жамбыл облысы;
- Жетісу облысы;
- Ұлытау облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қызылорда облысы;
- Түркістан облысы;
- Маңғыстау облысы.

1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11:00-21:00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:

- Абай облысы;
- Ақмола облысы;
- Ақтөбе облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Батыс Қазақстан облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы.

Шектеулер жол жамылғысын қорғау мақсатында енгізіледі.

Жоғары температурада асфальт жамылғысы жұмсарып, ауыр жүктемеге төтеп бере алмайды. Бұл жол жабынының бұзылуына, ойықтар мен ақаулардың пайда болуына алып келеді.

Жазғы шектеулерді сақтау:

- жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартады;
- жөндеу шығындарын азайтады;
- жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүк тасымалдаушыларды белгіленген тәртіпті сақтауға және маршруттарын шектеу режимін ескере отырып жоспарлауға шақырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар темекіні аз шегетін болған
Бүгін, 16:05

Қазақстандықтар темекіні аз шегетін болған

Темекі тұтынатын ер адамдардың үлесі 34 пайызды құраған. 
Еңбек кітапшасы – ескірген құжат.
Демалушылар қауіпсіздік шаралары да жоқтығын айтады. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →