×

70 теңгеге төмендеген: Абай облысында мектептегі балалардың ыстық тамағының құнын шектеген

234 аз қамтылған отбасы балаларына арналғаныстық тамақтың құны негізсіз төмендетілген

70 теңгеге төмендеген: Абай облысында мектептегі балалардың ыстық тамағының құнын шектеген
Көрнекі сурет/ ШҚӘ баспасөз қызметі

Абай облысында жергілікті атқарушы орган балаларды тамақтандыруға арналған қаражатты үнемдеуге тырысқан, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді.

“Бородулиха ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманың сақталуын талдау барысында әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге қатысты бұзушылықтарды анықтады. Н.Островский атындағы орта мектепте 234 аз қамтылған отбасы балаларына арналғаныстық тамақтың құны 70 теңгеге негізсіз төмендетілгені анықталды. Білім басқармасы белгілеген норма бойынша 1 балаға күніне 660 теңге болуы тиіс еді.Осыған ұқсас бұзушылық Бородулиха колледжінде анықталды, онда 167 студент оқиды, оның ішінде 75 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі таңда аудан прокуратурасының наразылықтарынан кейін заңсыз сатып алулар жойылып, жаңа талаптарға сәйкес жарияланған. Ал балалардың құқықтары қалпына келтірілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Олар бұған дейін куәгер ретінде жауап берген. 
Жас ақынның осыған дейін үш кітабы жарық көрген.
6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →