×

«Жаза басқан екен...». Руслан Берденовті атты деген күдіктінің әйелі мәлімдеме жасады

Ол бұл жағдайды сабырмен қабылдауға тырысқанын жеткізді. 

«Жаза басқан екен...». Руслан Берденовті атты деген күдіктінің әйелі мәлімдеме жасады
Шымкент қалалық әкімдігі

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасады деген күдіктінің әйелі Луиза Алданова алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ернар Жиембайдың әйелі жарақат алған Руслан Берденовтің сауығып кетуін тілегенін алға тартты. Өз жазбасында ол күйеуінің қателік жасағанын мойындады.

Өткен бір ай біздің отбасымыз үшін де ауыр сынақ болғанын жеткізгім келеді. Енді ғана есімізді жиып, өз-өзімізге келіп жатқан жайымыз бар. Әрбір минут, әр сағат, әр тәулік уайымдаумен болдық, жапа шеккен Руслан Берденов мырзаның амандығын тіледік. Жуырда ғана ем-домын алып, ауруханадан үйіне оралғанын естідік. Енді ертерек айығып, елге қызметін жалғастыруын тілейміз, - деді әйел.

Луиза Алданова күйеуі екеуінің қарапайым отбасы екенін тілге тиек етті.

Жалпы, менің жолдасым Ернарды, мені және біздің ата-аналарымызды жақсы білетін адамдар, таныстарымыз, туыстарымыз біздің қандай қарапайым, отбасын бірінші орынға қоятын жандар екенімізді де біледі деп ойлаймын. Сонымен қатар, оларды біздің жат әрекеттерге, жаман істерге бармайтынымызға да сенімді деп білемін. Десе де Ернарымыз жаза басқан екен, қателескен екен...

Мен бұл жағдайды тағдырдың сынағы деп қабылдап, барынша сабырмен қарап отырмын. Барлығын Алланың қолына тапсырдым. Ана ретінде, тек басымыздың амандығын, бауырымыздың бүтіндігін тілеймін, - деп қосты ол.

Алданова бұл жайтқа өзінің қатысы бар деп айыптағандарға да жауап қатты.

Осы жағдайға менің де қатысым бар деген бастапқыда тараған қауесетті үзілді-кесілді жоққа шығарамын. Ата-анадан көрген тәрбием, бойға сіңген иманым мұндай арсыз қылыққа аттап бастырмайтыны айдан анық, - деп түйіндеді сөзін.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олар бұған дейін куәгер ретінде жауап берген. 
Жас ақынның осыған дейін үш кітабы жарық көрген.
6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →