Тараз қаласы – 2022 жылдан бері «Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие
Жамбыл облысында креативті индустрияны дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды — Тараз қаласында өңірдегі алғашқы ауқымды шығармашылық алаң «Қолөнершілер үйі» өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Aqjolgazet.kz-ке сілтеме жасап.
«Қолөнершілер үйінің» лентасын Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, «Алматы қолөнер палатасы» Қоғамдық қорының вице-президенті Дәмелі Жанашева және Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты бойынша Вице-президенті, «Aspara Fashion Week» халықаралық сән апталығының президенті Айдархан Қалиев қиды.
Хабтың ашылуы — ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан креативті индустрияны қолдау саясатының нақты көрінісі.
«Қолөнершілер үйі» 190-ға жуық шеберді біріктіріп, олардың кәсібін дамытуға, өнімдерін нарыққа шығаруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Аталған нысан – Жамбыл өңірінде креативті кәсіпкерлікті, ұлттық қолөнерді және жастар шығармашылығын қолдайтын жаңа орталық болмақ.
Айта кетейік, Тараз қаласы – 2022 жылдан бері «Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие.
Шаhар ЮНЕСКО-ның шығармашылық қалалар тізіміне ену жолында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.