×

Мұхтар Шахановтың батасын алған: «Бала Жамбыл» қазір қайда жүр

Жас ақынның осыған дейін үш кітабы жарық көрген.

Мұхтар Шахановтың батасын алған: «Бала Жамбыл» қазір қайда жүр
Видеодан алынған кадр

Соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушылары бір кездері «Бала Жамбыл» атанып, елді таңдай қақтырған жас ақын Жамбыл Дүйсеновті қайтадан іздей бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Зеректігімен, тапқырлығымен көзге түскен Жамбыл Дүйсенұлы түрлі байқауларда топ жарып, мектепті қатарластарынан үш жыл бұрын бітіргені туралы деректер бар. Оның дарыны мен талабын кезінде ел ерекше бағалаған болатын.

TikTok желісінде бұрынғы бейнежазбалары қайта тарап, қолданушылар оны еске алып, қайда жүргеніне қызығушылық танытуда. Белгілі ақын Мұхтар Шахановтың батасын алған Жамбыл бүгінде есейіп, АҚШ-та білім алып жүр екен.

Желіде оның Америкадан ата-анасына жолдаған видеосы кең тарап кетті. Бейнежазбада ол:

Қазір біз Нью-Йорк қаласының қақ ортасындамыз. Таймс-скверде адамдар өте көп, бәрі осы жерде шоғырланған. Өте әдемі, әсерлі жер, – дейді.

Айта кетейік, жас ақынның осыған дейін үш кітабы жарық көрген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкент жастары 451 пәтерді заңсыз иемденген
Кеше, 10:14

Шымкент жастары 451 пәтерді заңсыз иемденген

Тексеру барысында 451 азамат тұрғын үйді жалға алу шарттарын бұзғаны белгілі болды
Мерекенің шарықтау шегінде жастар «Той жыры» әнін тірі дауыста бірге шырқап, ұлттық музыканың терең тәрбиелік мәнін тағы бір мәрте дәлелдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →