×

Ақшасы болмаған қария Шымкенттен Қарағандыға жаяу жол тартқан

Оның берешегі болған екен.

Ақшасы болмаған қария Шымкенттен Қарағандыға жаяу жол тартқан
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысынан Қарағандыға дейін жаяу жолға шыққан ақсақалдың видеосы кеңінен тарады, деп хабарлайды qaz365.kz.

Instagram-да бейнежазбаны Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов бөлісті. Ол Ордабасы ауданындағы іссапардан қайтып келе жатып, жол шетінде арқалаған сөмкесімен жаяу келе жатқан қарияны көріп, тоқтаған.

Жүргізуші әңгіме барысында қария Сарығаштан шыққанына 10 сағаттан асқанын айтқан. Оның айтуынша, жолақыға ақшасы болмаған.

Нұржан Махамбетов қарияның атына микрокредиттік ұйым алдында шамамен 500 мың теңге берешегі барын және осы себепті банк шоты бұғатталғанын айтты. Сондай-ақ, зейнетақыны ұлы мобильді қосымша арқылы алып отырған болуы мүмкін деген болжам да айтылды.

Дегенмен Әділет департаментінің басшысы жағдайды дереу назарға алып, қарияның есепшотын қайта ашуға жәрдемдесті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандықтар темекіні аз шегетін болған
Бүгін, 16:05

Қазақстандықтар темекіні аз шегетін болған

Темекі тұтынатын ер адамдардың үлесі 34 пайызды құраған. 
Еңбек кітапшасы – ескірген құжат.
Демалушылар қауіпсіздік шаралары да жоқтығын айтады. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →