×

Сот «Қазақ тазысы» тұқымына берілген патентті жарамсыз деп таныды

Сот бұл тұқымның жаңалыққа жатпайтынын алға тартты.

Сот «Қазақ тазысы» тұқымына берілген патентті жарамсыз деп таныды
pinterest.com

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы «Қазақтың тазы ит тұқымына» берілген патентке қатысты апелляциялық шағымды қарап, патенттің заңсыз берілгені туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Соттың хабарлауынша, 2024 жылдың 30 желтоқсанында Зияткерлік меншік институты бір жеке тұлғаға «Қазақтың тазы ит тұқымы» селекциялық жетістігі ретінде патент берген. Алайда сот процесі барысында патент беру кезінде патентке қабілеттіліктің негізгі шарттары бұзылғаны анықталған.

Сот бұл тұқымның жаңалыққа жатпайтынын және бұрыннан белгілі әрі Қазақстан Республикасында халықаралық деңгейде ресми түрде танылғанын атап өтті.

Қазақ тазысы – қазақ халқының көне ит тұқымы, ол жаңа тұқым ретінде қаралмайды, – делінген ресми мәлімдемеде.

Сот шешімінде 2023 жылы Кинологтар одағының сұрауы негізінде жасалған зерттеулерге сілтеме жасалған. Бұл зерттеулердің негізінде FCI – Халықаралық кинологиялық федерация «Қазақ тазы тұқымын» мойындап, Қазақстанды оның отаны ретінде ресми бекіткен.

Сот патенттің жеке тұлғаға берілуі басқа ит иелері мен өсірушілердің құқықтарын шектейтінін, бұл өз кезегінде ұлттық мүддеге қайшы келетінін және генетикалық қордың сақталуына қауіп төндіретінін мәлімдеді.

Аталған шектеулер «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңға қайшы келеді, – деп көрсетті сот.

Сот патентті жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды. Апелляциялық алқа шешімді «заңды және негізделген» деп тапты. Осылайша, сот актілері заңды күшіне енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып,тұрғындарға ізгі тілегін жеткізді
Мұндай әрекеттер мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тәркілеуге де әкеп соғуы мүмкін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →