×

Көлікке Bi-Led шамдарын орнатуға бола ма – Полиция ресми мәлімдеме жасады

Мұндай әрекеттер мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тәркілеуге де әкеп соғуы мүмкін

Көлікке Bi-Led шамдарын орнатуға бола ма – Полиция ресми мәлімдеме жасады
Сурет: drive2.ru

Полиция Bi-Led шамдарын орнатуға байланысты жауапкершілік туралы ескертіп, ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті мәлімдеме жасады.

“Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде кез келген көлікке Bi-Led шамдар орнату туралы жарнамалар жиі кездесуде. Алайда мұндай әрекеттер заңсыз және олар тек айыппұл салуға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тәркілеуге де әкеп соғуы мүмкін. Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес, кез келген жарық құралдары – жақын және алыс жарық шамдары, сондай-ақ тұманға қарсы шамдар – көлік құралдарының пайдалану құжаттамасына толық сай келуі тиіс. Көлік өндірушілері жарық көздерін нақты бір типке (қыздыру шамы, галоген, ксенон немесе жарықдиод) сәйкес жобалайды. Бұл талаптар бекер емес – олар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған: қарсы бағыттағы жүргізушілердің көзін шағылыстырмау және жарық ағынының дұрыс таралуын сақтау үшін. – Жарық ағыны 2000 люменнен асатын жарық көздерімен фараларды өз бетінше ауыстыру – аса қауіпті. Мұндай жағдайларда автоматты түзету жүйесі мен фара жуу жүйесі міндетті түрде болуы тиіс. Бұл элементтер болмаған жағдайда жүргізуші тек заңды бұзып қана қоймай, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Көлік құралының жарық жүйесіне рұқсатсыз кез келген өзгерістер енгізу – бұл қайта жабдықтау болып саналады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабына сәйкес мұндай бұзушылықтар айыппұл салуға және бұзушылықтар жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тәркілеуге алып келеді.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып,тұрғындарға ізгі тілегін жеткізді
Бұған дейін биыл пайдалануға берілетіні туралы айтылған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →