×

Қазақстанда никабқа заң бойынша тыйым салынуы мүмкін бе –  Аида Балаеваның жауабы

Никаб – бетті толық немесе жартылай жауып тұратын жабын

Қазақстанда никабқа заң бойынша тыйым салынуы мүмкін бе  –  Аида Балаеваның жауабы
Коллаж: Никабтағы әйел/ министр Аида Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева никабқа тыйым салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz .

Министрдің айтуынша, бұл мәселеге қатысты жеке заң жоқ, дегенмен Ішкі істер министрлігі желісімен әзірленіп жатқан норма бар.

“Мен мынаны айтқым келеді: жеке заң жоқ. Бірақ ішкі істер министрлігі тарапынан қаралып жатқан норма бар. Бұл норма никабқа тыйым салуды көздейді. Қазір бұл норма Мәжілісте. Мәжілісте өзінің тәртібі бар, менің білуімше, бірінші оқылымда талқыланып жатыр немесе талқылау аяқталған болуы мүмкін”, – деді министр.

Никаб — мұсылман әйелдерінің киетін киімі, ол бетті толық немесе жартылай жауып тұратын жабын. Никаб көбіне көзді ғана ашық қалдырып, маңдай мен беттің қалған бөлігін жауып тұрады. Бұл киім шариғат талаптарына сай киінуді ұстанатын кейбір мұсылман әйелдері арасында кең таралған.

Никабтың ерекшеліктері

  • Хиджабтан айырмашылығы: хиджаб тек шашты, мойынды және денені жабады, бірақ бетті ашық қалдырады. Ал никаб бетті де жабады.

  • Буркадан айырмашылығы: бурка — бет пен денені түгелімен жауып, көздің тұсында да торлы матадан тұратын арнайы саңылауы болады. Никабта көз ашық болады, ал буркада көбіне көз де жабық тұрады.

  • Мәдени және діни тұрғыда: никаб көбінесе Сауд Арабиясы, Йемен, Ауғанстан, Пәкістан, кейбір Солтүстік Африка елдерінде және кейбір мұсылман қауымдарда қолданылады.

Никабтың діни мәні

Никаб — Құранда нақты бұйырылмаған, алайда кейбір мұсылман ғалымдары мен мазхабтар оны «мұстахаб» (ұнамды іс) немесе «уәжіп» (міндетті) деп есептейді. Бұл көбінесе мазхабқа, жергілікті мәдениетке және жеке діни көзқарасқа байланысты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып,тұрғындарға ізгі тілегін жеткізді
Мұндай әрекеттер мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тәркілеуге де әкеп соғуы мүмкін
Бұған дейін биыл пайдалануға берілетіні туралы айтылған. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →