×

Қарағанды облысында шенеунік пара аламын деп 55 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Ол орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін пара алған

Қарағанды облысында шенеунік пара аламын деп 55 млн теңге айыппұл төлейтін болды
Антикор

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Д.Хамзинге және осы департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К.Қашқынбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Антикор мәліметінше, Хамзин Қазынашылық департаментінің ғимаратын ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 1 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар оның Қашқынбаевпен бірге топта олармен үлестес тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 млн теңге жымқырғаны анықталған.

Хамзин мен Қашқынбаевқа тиісінше 55 млн теңге және 25,4 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды, - делінген мәліметте.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.
Шаһарда 15 739 көпбалалы ана бар
Облыс әкімі мерейтойға аз уақыт қалғанын ескертіп, жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →