×

Шерзат Болаттың анасы айыпталушыларға қандай жаза сұрайтынын айтты

Оның хатын ресми өкілі оқып берді. 

Шерзат Болаттың анасы айыпталушыларға қандай жаза сұрайтынын айтты
Жоғарғы сот//YouTube

Соттағы жарыссөздер кезінде Шерзат Болаттың отбасы атынан сөз сөйлеген өкіл оның анасы жазған хатты оқып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Гүлбара Бишембиеваның жазбаша үндеуін оқыды. 

Хатта анасы ең алдымен ұлының өліміне күдікті адамға ең қатаң жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе кем дегенде 20 жылдан жоғары мерзім тағайындауды сұрады.

Мен ешкімнің басына мұндай қайғы келмесе екен деп тілеймін, ешбір ана жыламасын. Құрметті сот, әділ үкім шығарылады деп үміттенемін. Бұл жаза 20 жылдан көп болса екен деймін, бұл өзгелерге сабақ болсын. Ертең тағы бір баланың басына осындай жағдай түспесін, — деді Гүлбара Бишембиева.

Бұған дейін прокурор Дана Сәрсенбай Шерзатты өлтірді деген айыпталушы Абзал Шынасылды 23 жылға соттауды сұрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
Бүгін, 17:00

«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті

Мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды
Облыстағы 284 елді мекеннің 158-і немесе 55,3%-ы газ жүйесіне қосылған
Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →