×

Жыл басынан бері қандас мәртебесін алғандардың саны 3 мыңнан асты

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді

Жыл басынан бері қандас мәртебесін алғандардың саны 3 мыңнан асты
gov.kz

2023 жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша 3 134 этникалық қазақтар тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды.

“Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (50,0%) Өзбекстаннан, 16,3% – Қытайдан, 15,9% – Ресейден 8,4% – Түрікменстаннан, 4,5% – Моңғолиядан және 4,9% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сондай-ақ Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды”, – делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ды және зейнеткерлер 8,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1% жоғары білімді, 40,9% орта кәсіби білімді, 35,2% жалпы орта білімді және 3,8% білімі жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті
Кеше, 20:07

«Ауыл әйелі»: Қызылордада ерекше форум өтті

Алдағы уақытта барлық ұсыныстар мен бастамаларрды іске асыру тетіктері белгіленді
Жаңа бағыттағы алғашқы рейс 2025 жылғы 29 қарашада орындалады
Заңда жасанды интеллект жүйелерінің қызметін реттейтін негізгі қағидаттар бекітілген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →