×

«Шетелде оқитын студентті әскерге малша тиеп алып кеткен»: Әлішер Елікбайдың ата-анасы көмек сұрап, дабыл қақты

Әскери комиссариат баланың оқитыны турасында құжаттың нотариалды түрде расталған формасын талап еткен.

«Шетелде оқитын студентті әскерге малша тиеп алып кеткен»: Әлішер Елікбайдың ата-анасы көмек сұрап, дабыл қақты
gov.kz

Әлеуметтік желіде Бақытгүл Сәли атты азаматшаның мәселесі қызу талқыға түскен соң Qaz365.kz тілшісі оның өзімен сөйлесіп, мәселесін редакция арқылы көтеруді жөн көрді. Бақытгүлдің баласы Әлішер Елікбайды жақында әскери комиссариаттың адамдары «оқудағы студентпін» дегеніне қарамай алып кеткен.

«Оқудан шығарып жібере ме деп қорқамын»

Әлішер Елікбай Түркияның Болу қаласында оқиды. Биыл дайындық оқуын бітіріп, университетке сертификатын тапсырған. Осы жылы 2 қазанда оқуы басталады. “Студенттерді алмасу” деген бағдарламасы бойынша Польшаға 3 айлық визаға тапсырып, сапарға шығуға Әлішер дайын отырған. 

Сол екі арада үйге келген бала ғой. Біз негізі Түркияны университетінен алған анықтаманы Егов порталы арқылы өтініш қалдырып, әскерден шегеруді сұрағанбыз. Кезінде әскери қызметке баламды алуға бас тартқан, - дейді Әлішердің анасы.

Әскери комиссариат баланың оқитыны турасында құжаттың нотариалды түрде расталған формасын талап еткен. Олар Түркия университетіне қайтадан сұраныс жіберген. «Бакалавриатқа қабылданғаны рас» деген анықтаманы сұратқан. 

Ол дүйсенбі күні жіберді. Енді бүгін келу керек еді. Бұрынғы сыныптастары қонаққа шақырып, қала көшесінде жүрген. Енді кішкене кешікті. Түнгі сағат 00:02 минут кеткенде маған «мам, военком болды» екі-ақ сөз СМС хабарлама келіп тұр. “Не болды”деп  телефонына звандасам өшіп жатыр. Жанында бала болған. Оған қоңырау шалсам да, өшіп жатыр. Сол үшін дабыл қақтым. Бірақ енді военкомат деген жетеді ғой. Қайда барамын? Білмеймін, түсініксіз. Сосын қалаға кеттім. Қаланың ішіне кіріп 102-ге қоңырау шалдым. Маған баламнан осындай екі хабарлама келді. Рас па, военкоматқа алып кетті ме? Әлде біреулер ұрлап кетті ме? Маған баламды тауып алуға көмектесіңіздер дедім. Полиция мен тұрған жерге келді. Сол жерден баламның ЖСН арқылы мәліметтерін сол кісілер анықтады. Республика 54-ке баланы апарып тастапты. Түнгі сағат екіде,  - дейді Бақытгүл.

Бақытгүл әскери комиссариатқа полиция қызметкерлерімен бірге барып, сонда екенін білген. Содан бері әскери комиссариаттың алдында жүр. Қолында баласының оқитыны турасында құжаты бар. Баласы Павлодарға кететіні хабарланған. Бірақ жоқ болып кеткен соң Түркия тарапы оны оқудан шығарып жібере ме деген қауіп бар. Бірінші курсқа түсем деген бала осылайша аяқ астынан армияға кетіп қалғалы тұр.

Жауап күтіп отыр

Әскери комиссариаттағылар Бақытгүлден әзірге ешқандай құжат сұрамаған. Тек егов порталы арқылы әскерге бару мерзімі шегеріледі деген қағаз талап еткен. «Оны бердік» дегеніне қарамастан комиссариат Бақытгүлге баласын көрсетпей де отыр.

Телефоны жоқ. Енді қазір мед комиссия өтіп жатыр іште. Иманбаева 16-да. Түнде біз таңғы төрт, беске дейін тұрдық. Әкетіп жатыр балаларды. Балалардың бәрі шокта, түсінбейді. Менің балам екі сөзді ғана жазып үлгеріп отыр. Комиссариаттағылар сонда ата-анаға хабарламай ма? Адами капитал деген жоқ па бізде? Хабарламай ма, балаңыз алаңдамыз демей ме? Балам сонда екі сөзді жазып үлгермесе мен қайдан іздеймін, айтыңызшы? Телефоны өшіп жатыр. Досының өшіп жатыр бірге жүрген. Ойлаңыз енді міне. Бұл недеген заң, білмеймін енді, - дейді ол.

Бақытгүл баласының оқуға түскені туралы құжаттың нотариалды нұсқасын Түркиядан әлі күтіп отыр. Оған Қорғаныс министрлігінен орынбасары Дархан Ахмадиев хабарласқан. Бақытгүл құжаттарын тапсырған.

Енді соны күтіп отырмын. Өйткені мен әскери прокуратураның өзіне шағым жасаймын дедім. Өйткені, бір жыл оқытқан қаражатымды кім қайтарады? Ол егер оқуын жоғалтса не болады? Түркия бірден оқудан шығарып жіберед»,  - дейді ол.

«Мұндайды көрмедім»

Бақытгүл Сәли жастарды әскерге көшеден жұлып әкетуді қолдамайды. Баласы әскерден қашып жүрмегенін жеткізеді. Сол үшін үндеу де жасаған. 

Әскери комиссариаттағы адамдардың қолдарында планшет болмай ма? Базаны ашып, қарамай ма? Мына бала өтінім жасапты, енді жауап күтіп отыр демей ме? Түріне қарасаңыз қылмыскерлерді қуалап ұстап жүрген адамға ұқсайды. Түнде біз тұрған кезде қаншама балаларды алып келіп жатыр. Тоқтаңыздаршы, мына балалардың ата-аналарына хабарластыңыздар ма десем, маған жауап бермейді. Есіктерін жауып алады. Осындай қарым-қатынас бола ма? Мынандай оқиғаны, жүйені көрмеген екенмін. Мен ғана емеспін. 11 баланың ата-анасы тұр ғой. Біреуі қонаққа келген екен. Үйі Аралда дейді. Онда қонаққа да келуге болмай ма? Мен расында айтсам түсінбедім. Менің балам 18 жасқа толғанына 7 күн ғана болды. Соның ата-аналары білесіздер, бізге сұхбат беруге де келіспейді. Өйткені, тек балаларын алып қалуды ойлайды. Ол саудаласпақгы екен. Ал бізде қандай заң? Кімге сенеміз? – дейді Бақытгүл Сәли.

P.S
Осы мәселе резонансқа айналған соң  Бақытгүл Сәли ұлын Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмадиевтің араласуымен әскери комиссариаттан шығарып алғанын хабарлады. Әйтсе де, мәселе өзекті күйінде қалады. Себебі бұл бір Бақытгүлдің баласының басындағы ғана жағдай емес. Qaz365.kz бұл мәселені назарда ұстайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көлсай көлдері «Парктер шеруі - 2025»  табиғатты қорғау акциясын қорытындылады
Бүгін, 12:50

Көлсай көлдері «Парктер шеруі - 2025»  табиғатты қорғау акциясын қорытындылады

Биыл 19-шы рет өткізілген Парктер шеруіне Кеген ауданындағы 16 мектеп белсене қатысқан
Әр аудан бойынша өтініш қалдыру мекенжайлары нақтыланған
Алайда министрдің орынбасары әуелі сұрақ қоймақ болған журналист Бақытнұр Әлібайды итеріп жіберді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →