×

Ұлытау облысында «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталды

Ұлытау облысында «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталды
Сурет: Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Ұлытау облысының «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының 2025 жылғы еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Іс-шараның басты мақсаты – жастарды еңбекке баулу және экологиялық мәдениетті дамыту.  

Ұлытау облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бақытжан Жайлаубаев пен Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұрым Ысқақов маусымның ашылуымен құттықтап, жастарға сәттілік тіледі.  

«Биылғы еңбек маусымында облыс бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы 700-дей жас азамат жұмыспен қамтылмақ, оның ішінде: Жезқазған мен Сәтбаев қалалары 150, Қаражал қаласы 165, Ұлытау ауданы 90, Жаңаарқа  ауданы 70 азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Жастар көгалдандыру, абаттандыру, сенбілік және экологиялық акциялар сынды қоғамдық жұмыстарға тартылып, жазғы демалысты пайдалы өткізеді деп сенемін» – деді Б. Жайлаубаев.  

Атап өту керек, жастар біріңғай 700 дана фирмалық экипировкамен қамтылды.  Салтанатты жиын патриоттық әнмен аяқталып, қатысушылар естелік суретке түсті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
FlyArystan Ининге (Құлжа) рейстерінің жиілігін арттырады
Бүгін, 11:43

FlyArystan Ининге (Құлжа) рейстерінің жиілігін арттырады

Рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады
Екі күндік форум «Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбына арналды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →