×

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасалады

Заң жобасы ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында әзірленген.

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасалады
Pixabay.com

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат Снежанна Имашеваның мәлімдеуінше, заң жобасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты гуманизм қағидаты негізінде қылмыстық саясатты ізгілендіру мақсатында әзірленген.   

Заң жобасында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталғандарды, соның ішінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын, кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, сондай-ақ жүкті әйелдерді, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерді, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдарды, зейнеткерлерді, мүгедектерді және басқаларды босату ұсынылады, - деді Имашева Мәжілістің жалпы отырысында.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті осы заң жобасына қорытынды әзірлейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды
Кеше, 17:27

Нарынқол шекара отрядының әскери қызметшілері жаңа баспанаға ие болды

Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды.
Бұған дейін зейнеткердің ұлы қамауға алынған болатын. 
Жиын барысында облыстық цифрлық технологиялар басқармасы өңірде жүзеге асырылып жатқан бірнеше инновациялық жасанды интеллект жобалары туралы мәлімет берді.
Бұл туралы Отбасы банктің ресми сайтында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →