×

Рәміздер күні: Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

Патриоттық іс-шара тау баурайындағы «Медеу» спорт кешенінде ұйымдастырылған

Рәміздер күні: Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда «Батыр» Президенттік полкінің арнайы тобы Ту көтеру салтанатты рәсімін өткізді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Патриоттық іс-шара тау баурайындағы «Медеу» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Дархан Сатыбалдымен қатар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ту, Елтаңба, Әнұран! Бұл мемлекеттік рәміздер – еліміздің біртұтастығы мен тәуелсіздігін бейнелейді. Бүгінгідей айтулы күндегідегі іс-шараға мыңдаған адам жиналып, әнұранды бір уақытта шырқады.

Байрақ көтеру салтанатты рәсімін «Батыр» президенттік полкінің арнайы тобы өткізді. 40 метр биіктікте асқақтаған тудың ұзындығы – 14, ені – 7 метр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілер тұста Б. Байқадамов атындағы хор капелласы мен Алматы гарнизонының үрлемелі оркестрі Мемлекеттік Әнұранды орындады. 

«Бұл – спортшылар үшін ерекше күн. «Көк тудың желбірегені, жанымға қуат береді «демекші, Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында барымызды салып көк туды көтеруге тырысамыз. Қазақстандықтардың отбасына жақсылық тілеймін! Алға, Қазақстан!», – деді олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов.  

Ал, салтанатты іс-шарадан кейін көпшіліктің назарына қаладағы жетекші шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

«Рәміздерді міндетті түрде әлемде мемлекеттің ресми таңбасы деп көрсетеміз. Шын жүректен Қазақстан халқын ерекше мерекеменен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз жасай берсін. Бірлігіміз жарасып, Қазақстан халқы, қазақ жері, елі құлпыра берсін, өсе берсін», – деді  Қазақстанның Еңбек ері Роза Рымбаева.

Іс-шарада елге танымал әншілер өнер көрсетіп, көпшіліктің көңіл-күйін айтарлықтай көтерді. Келушілер би билеп, естелікті қалта телефондарына түсіріп, ерекше әсерге бөленіп қайтты.

«Қалада екі-үш күннен бері көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Жастардың арасында патриоттық шаралар өткізіп, қала безендірілді. Барлық экранда бейнематериал орналастырдық. Конференциялар, дөңгелек үстелдер өтіп жатыр. Бұл – мемлекеттік рәміздерге көрсеткен құрметіміз», – деді қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Қаладағы іс-шаралар легі мұнымен тоқтамады. Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылып Алматының әр ауданында басқосулар мен патриоттық жиындар өткізілді. Ең бастысы, бұл күнді қала тұрғындары аса ыждахаттылықпен атап өтті.

Көрермен «Қазақстаным», «Отан», «Туған жер», «Туған жерім тамаша», «Сүйікті елім», «Мен Қазақпын», «Ұлы дала», «Қазағым», «Атамекен» сынды бірқатар патриоттық әрі эстрадалық композицияны тыңдады.

Қоса кетейік, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар қала аудандарында жалғасып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды
Кеше, 21:27

Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды

Оқиға бүгін Наурызбай ауданындағы «Алма Сити» тұрғын үй кешенінде болған
Іс-шара жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін Эколог күніне орай ұйымдастырылады
Судья олардың әрекеттерінде қылмыстық белгі болуы мүмкін деп санайды. 
Сот оның қаржылық жағдайын әдейі төмендеткенін анықтады. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →