×

«Жай ғана маркетинг»: Ляйсира Марат бұрынғы күйеуі Тұрcен Алагөзовке ауыр айып тақты

Ол пәтер үлестіруді қайырымдылық емес деп отыр.

«Жай ғана маркетинг»: Ляйсира Марат бұрынғы күйеуі Тұрcен Алагөзовке ауыр айып тақты
instagram.com/lyaisira_marat

Продюсер Тұрсен Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Марат Instagram парақшасында ашық мәлімдеме жасап, кәсіпкердің «100 пәтер» тарату акциясын қайырымдылық емес, маркетингтік айла деп атады. Ол өз сөзінде отбасылық бизнестің көлеңкелі тұстары туралы да айтып, миллиардтаған қарызға батқан компанияны қалай аяғынан тұрғызғанын және кейіннен сол бизнестен қалай айырылғанын баяндады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ляйсираның айтуынша, мүлікті бөлісу кезінде ол Galanz Bottlers компаниясының 43,25% акциясына ие болса, ал оның туған әпкесінің еншісінде 7,5% акция болған. Осылайша, олар бақылаушы акциялар пакетін иеленіп, 2016 жылы компанияны басқаруға кіріскен.

Біз Тұрсеннен компанияны 13 миллиард теңге көлеміндегі қомақты қарызымен қоса алдық. Ал айналымдағы қаржы небәрі 10 миллиард теңге болатын. «Цесна банк» техникалық дефолт жариялауға дайындалып жатқан. Дәурен Жақсыбековпен кездеспеуге амал қалмады. Тізерлеп отырып, бір жыл уақыт беруді сұрадым. Сол уақыт ішінде міндеттемелерді орындауға уәде бердім, – дейді Ляйсира.

Ал 2018 жылы компания жағдайы тұрақтала бастағанда, Тұрсен Алагөзов елдегі ең ықпалды клан – Сатыбалды әулетіне жүгінген көрінеді.

Ол сіңлім екеумізді компаниядан шеттетуге көмек сұраған. Сол кезден бастап бізге қысым күшейіп, қылмыстық істер ашылып, командамыз күйзеліс жағдайында жұмыс істеді. 2021 жылдың ортасына қарай сату көлемі 35 миллиард теңгеден асты. Компания міндеттемелерден құтылды, ал өнім нарықта танымал брендке айналды. Дәл осы кезде, яғни 2021 жылдың жазында мені компаниядан шығарып жіберді. Егер қарсылық білдірсем, бәлкім, қазір тірі де болмас па едім, – деп бөлісті ол.

Ляйсира кеткеннен кейін небәрі бір апта ішінде директор және директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта Тұрсен Алагөзов тағайындалған. Оның айтуынша, компания мұндай қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға сол кезде-ақ қауқарлы болған. Ал қазір бұл акцияны ол таза маркетингтік амал деп есептейді.

Нағыз қайырымдылық – бұл ешқандай пайда көздемей, шын ниетпен жасалатын көмек. Онда қайырымдылық жасаушы әдетте аты-жөнін көрсетпейді, жарнамаламайды. Ал бұл жолғы 2 миллиард теңге – науқан алдындағы өнімнің танымалдылығын арттыруға арналған маркетинг бюджетінің жартысына тең. Шай сатылуы керек, қоймада қалып қоймауы тиіс. Екінші жағынан, бұл – адамның имиджін көтерудің бір жолы, – дейді Ляйсира Марат.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары мен БАҚ-та қызу талқыға түсті. Бірі Ляйсираны қолдаса, енді бірі Алагөзовтің жағында. Ал кәсіпкердің әйелі Баян Алагөзова әзірге бұл мәлімдемеге қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды
Кеше, 21:27

Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды

Оқиға бүгін Наурызбай ауданындағы «Алма Сити» тұрғын үй кешенінде болған
Іс-шара жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін Эколог күніне орай ұйымдастырылады
Судья олардың әрекеттерінде қылмыстық белгі болуы мүмкін деп санайды. 
Сот оның қаржылық жағдайын әдейі төмендеткенін анықтады. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →