×

Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды

Оқиға бүгін Наурызбай ауданындағы «Алма Сити» тұрғын үй кешенінде болған

Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімдігінде адамдарды өрт кезінде құтқарып қалған қала тұрғыны Асыл Ахметовке ерлігі үшін құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйақы табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Еңбегімді елеп, құрмет көрсетіп, марапаттап жатқаныңыз үшін алғысым шексіз. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетуді азаматтық борышым деп білемін. Бұл әрекетімді марапат үшін емес, адами парызым ретінде жасадым. Менің орнымда кез келген адам дәл солай істер еді деп ойлаймын», – деді Асыл Ахметов.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның төртінші қабатқа дейін өрмелеп шығып, пәтер балконында тұтанған өртті сөндірген бейнежазбасы тараған болатын.

Оқиға 4 маусымда Наурызбай ауданындағы «Алма Сити» тұрғын үй кешенінде болған. Төртінші қабаттағы пәтер балконында қоқыс өртеніп, өрт сөндірушілер келгенге дейін сол маңнан өтіп бара жатқан Асыл Ахметов өртті өшіріп үлгерген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Алматыда жол мамандарына арналған тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды
Жоба аясында 6,7 шақырым жағалауда тіреу қабырғалары нығайтылып, жол кеңейтілді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →