×

Шерзат Болат ісінде прокурор болған Дана Сәрсенбай соттан кейін мәлімдеме жасады

Шерзат Болат ісінде прокурор болған Дана Сәрсенбай соттан кейін мәлімдеме жасады
скрин видео

Талдықорғанда өткен Шерзат Болат ісінде Мемлекеттік айыптаушы қызметін атқарған  Дана Сәрсенбай  желіде алғаш рет үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол көпшілікке әлеуметтік желідегі жалғыз аккаунтының мекенжайын да көрсетіп өтті.

Прокурордың сөзінше, мұндай жалған парақшалар түрлі заңсыздыққа әкеп соғуы мүмкін. Фотосуретті рұқсатсыз қойған акаунттар Дана Сәрсенбайдың атына, қызметіне нұқсан келтіруі де ықтимал.

 Мен, Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай, әлеуметтік желілерде менің атымды, қызметімді және фотосуретімді заңсыз пайдаланып, жалған аккаунттар ашылып жатқандығына байланысты осы бейнеүндеуді жасауды қажет деп санаймын. Менің Instagram әлеуметтік желідегі жалғыз аккаунтым – @s.d.n_. Ол тек отбасым мен жақындарыммен байланыс орнату үшін ғана құрылған. Бұл парақшада ешқандай ресми жарияланым, пікір немесе кәсіби сипаттағы ақпарат жарияланбайды.Менің атымнан ашылған басқа барлық парақша – жалған, – деді ол.

Сонымен қатар, прокурор мұндай әдіс-тәсіл арқылы алаяқтар өз қитұрқылығын жүзеге асыруы мүмкін екенін ескертеді. Сол себепті, ақпаратты тек ресми органдардан алуға шақырады.

 Менің атымды, қызметімді немесе фотомды рұқсатсыз пайдалану, әсіресе қылмыстық іс аясында бұл – заңсыз әрекет, және ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.Назар аударыңыздар!

Аталған жалған парақшаларда:

– түрлі блогерлерге жазылуға шақырулар жарияланады,

– жалған сауалнамалар мен сілтемелер таратылады,

– сыйлықтар мен ұтыс ойындары уәде етіледі,

– қылмыстық іске қатысы бардай көрсетілген жалған мәліметтер таратылады,

– менің атымнан пікірлер мен мәлімдемелер жазылады.

Сондықтан сіздерден өтініш:

– мұндай сілтемелерге өтпеңіздер,

– күмәнді ұтыс ойындарына қатыспаңыздар,

– менің атымнан ұсынылған блогтарға немесе парақшаларға жазылмаңыздар.

Бұл әрекеттер – алаяқтық сипаттағы схемалар болуы мүмкін. Олар сіздердің жеке деректеріңізді алу, халықты шатастыру немесе прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіру мақсатында жасалуда.Сіздерді сақ болуға, жалған ақпаратқа сенбеуге және оны таратпауға шақырамын! Мұндай фейк парақшалар мен жалған мәліметтер құқық қорғау органдарына деген сенімге нұқсан келтіріп, тергеу барысына кері әсер етуі мүмкін, – дейді Дана Сәрсенбай бейнеүндеуінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды
Кеше, 21:27

Алматы әкімдігінде адамдарды өрттен құтқарған қала тұрғыны марапатталды

Оқиға бүгін Наурызбай ауданындағы «Алма Сити» тұрғын үй кешенінде болған
Іс-шара жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін Эколог күніне орай ұйымдастырылады
Судья олардың әрекеттерінде қылмыстық белгі болуы мүмкін деп санайды. 
Сот оның қаржылық жағдайын әдейі төмендеткенін анықтады. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →