×

КТК қысқарып қалған қазақша жаңалықтарын қайтадан бес минутқа ұзартты

Маусым айынан қазақша жаңалықтар бес минутқа көбейіп, 20 минутқа жетті.

КТК қысқарып қалған қазақша жаңалықтарын қайтадан бес минутқа ұзартты
КТК

Соңғы кездері мемлекеттік тілде таратылатын ақпараттардың саны мен уақыты қысқарып жатқанын жазған едік. Соның ішінде КТК телеарнасының қазақша жаңалықтары азайып кеткені туралы әңгіме болған. Сол сыннан сабақ шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Айта кетейік, бұрынғы уақыттары КТК арнасының қазақша жаңалықтары 19:30-дан 20:00 аралығында бес минут жарнамасымен 25 минут болатын. Кейін 0:40-тан 20:55 аралығында ғана көрсетіліп, 15 минутқа дейін қысқарып кетті. Есесіне, орысша жаңалықтар жарнамасыз 40 минутқа дейін көбейген еді. Осы мәселе Qaz365.kz жазбасынан кейін депутаттарға жетті. Мәжілісмен Нартай Аралбайұлы былай деп жауап берді:

КТК жаңалықтарының уақыты қысқарғанын Бюджеттің орындалуы туралы есеп беруге келгенде. 1 аптада шешімін табуы керек ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министр Айзада Амангелдіқызына (Құрманова) ескерттім,- деген еді депутат.

Маусым айынан қазақша жаңалықтар бес минутқа көбейіп, 20 минутқа жетті. Орысша жаңалықтар соңғы аптада 25-32 минут аралығында болып жүр.

Айта кетейік, далпы, кейінгі кездері мемлекеттік ақпарат құралдарының саны азайып жатыр. Мысалы, жақында Qazcontent АҚ қарасты BAQ.KZ пен BaigeNews.kz сайттары өзара біріктірді. Жастарға арналған Massaget порталының да штаты қысқарды. «Еларна» телеарнасы да мамыр айынан бастап хабар таратуын тоқтатты. Қарағандыдағы жергілікті арналардың бірі де қазақша бөлімін жауып үлгерген. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жол сапасын бақылайтын мекеме 6 жылдығын атап өтті
Бүгін, 11:45

Жол сапасын бақылайтын мекеме 6 жылдығын атап өтті

Олар бұл айтулы мерекені ерекше форматта өткізуді жөн көрген
Соңғы үш жыл ішінде Тана-мырза ауылында ішімдікке қатысты бірде-бір қылмыстық оқиға тіркелмеген
Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →