×

Астанада су қоймасы 55 жылдан бері алғаш рет тазартылып жатыр

Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған.

Астанада су қоймасы 55 жылдан бері алғаш рет тазартылып жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі

Кешенді тазарту жұмысын Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен «Қазсушардың» Ақмола облысындағы филиалы жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрлік дерегінше, су қоймасын тазартуға арнайы екі техника жұмылдырылған: сағатына 2000 текше метрге дейін түрлі шөгінділерден тазартатын үлкен жерснаряд және қуаты сағатына 900 текше метрге дейін жететін көпфункционалды әрі өздігінен жүретін шағын жерснаряд.

Биыл Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған. Бұл жұмыстар қазан айының соңына дейін жалғасып, жыл сайын 13 жыл бойы жүргізіледі.

Нәтижесінде Астана су қоймасының сыйымдылығы 47 млн текше метрге артады. Нысан көбірек су жинап, елорда тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Астана су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде нысанды түбіндегі шөгінділерден тазарту алғаш рет жүргізіліп жатыр.

Президенттің тапсырмасын орындау үшін арнайы мамандар тобы құрылды. Барлық қызметкер арнайы техникамен жұмыс істеу үшін қажетті оқытудан және дайындықтан өтті. Астана су қоймасы - елорданы сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын стратегиялық нысан. Заманауи техниканың арқасында біз бұл су қоймасын жарты ғасырдан кейін алғаш рет тазартып, жұмысты жақсы әрі тиімді атқара аламыз, – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жол сапасын бақылайтын мекеме 6 жылдығын атап өтті
Бүгін, 11:45

Жол сапасын бақылайтын мекеме 6 жылдығын атап өтті

Олар бұл айтулы мерекені ерекше форматта өткізуді жөн көрген
Соңғы үш жыл ішінде Тана-мырза ауылында ішімдікке қатысты бірде-бір қылмыстық оқиға тіркелмеген
Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Маусым айынан қазақша жаңалықтар бес минутқа көбейіп, 20 минутқа жетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →