×

СІМ Шенгеннің жаңа ережелерін қазақстандықтардың заңбұзушылықтарымен байланыстырды

Бұған дейін Қазақстан Шенгеннің "қара тізіміне" енді деген ақпарат тараған болатын

СІМ Шенгеннің жаңа ережелерін қазақстандықтардың заңбұзушылықтарымен байланыстырды
patient-mt.ru

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Шенген визасын алуда қазақстандықтар үшін жаңа ережелердің енгізілуіне себеп болуы мүмкін жағдайды атады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазақстандық азаматтардың заңбұзушылықтары жаңа ережелер енгізуге себеп болуы мүмкін.

"Кейбір біздің азаматтар, Шенген аумағына кіретін елдерде болып, автокөлікті жалға алып, айыппұл төлемей, сол елден шығып кетеді. Әрине, бұл жағдайды ушықтырады. Басқа да заңбұзушылықтар болуы әбден мүмкін. Басқа елге барғанда оның ережелері мен заңдарын қатаң сақтау керек. Студенттер кредит алып, төлемей, қайтып кетіп жатады", - дейді ол.

1 наурыздан бастап Қазақстанға шенген визасын беру кезінде бұдан былай қазақстандықтар үшін қосымша консультациялар талап етілетін елдер тізімінде болатынын жазған едік. Еуроодақ өкілі Қазақстанның “қара тізімге” енбегенін айтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Жеңіс күні тойланды
Кеше, 13:15

Алматыда Жеңіс күні тойланды

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Аймақ басшысы өз борышын өтеуге енді келген жас сарбаздармен тілдесті
Оқушы қызықты тәсіл ұсынып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →