×

Күні кеше вице-министр болған Шегай: БҚО-да бес баласы өртенген отбасы 134 мың теңге жәрдемақы алған

Күні кеше вице-министр болған Шегай: БҚО-да бес баласы өртенген отбасы 134 мың теңге жәрдемақы алған

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Батыс Қазақстан облысында өрттен бес баласынан айырылған отбасы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көпбалалы отбасы ретінде тіркелген бұл шаңырақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы алып келген. Жалпы мөлшері 134 мың теңге көлеміндегі жәрдемақы төленіп отырған. 

Сонымен қатар, вице-министр қазіргі таңда баласынан айырылған аналарға арнайы жәрдемақы қарастырылмағанын атап өтті. Бұл бағытта әлеуметтік қорғау саласында жүйелі өзгерістер қажеттігі де айтылды.

Отбасының отағасы жұмыс істеген, оның айлық жалақысы шамамен 190 мың теңге көлемінде болған. Осыған сәйкес, отбасының жан басына шаққандағы табыс мөлшері 47 мың теңгені құраған.

Алайда вице-министрдің айтуынша, отбасы жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік көмек алу үшін өтініш білдірмеген.

Айта кетейік, Виктория Шегай күні кеше вице-министр болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қазақ тілін ұмытпаған». Германияға 26 жыл бұрын көшіп кеткен неміс таңғалдырды
Бүгін, 20:05

«Қазақ тілін ұмытпаған». Германияға 26 жыл бұрын көшіп кеткен неміс таңғалдырды

Ал неміс қария қырғыз жігітіне өзін таныстыра келе, қазақ емес екенін, Қазақстаннан келген неміс екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →