×

Көпқабатты үйлерде тұру ережесі: жаңа айыппұл түрі енгізілді

Енді тәртіп бұзғандарға айыппұл салынады. 

Көпқабатты үйлерде тұру ережесі: жаңа айыппұл түрі енгізілді
Pixabay.com

Қазақстанда көпқабатты тұрғын үйлер үшін жаңа ережелер енгізілуіне байланысты Ақтау қаласының полициясы тұрғындардан тәртіпті қатаң сақтауды сұрап, бақылаудың күшейген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Полиция департаменті жаңа талаптар көршілердің тыныштығы мен жеке кеңістігіне құрметтеуге бағытталғанын атап өтті. Ал тәртіп бұзған жағдайда әкімшілік жаза қарастырылған.

Тұрғын үй кешендерінде мынадай әрекеттер үшін айыппұл салынады:

Кіреберісте темекі шегу – 58 000 теңге көлемінде айыппұл;

Қоқысты арнайы контейнерден тыс жерге тастау – 78 000 теңге;

Вандализм (қабырғаларды бояу, граффити, заттарды бүлдіру) – 197 600 теңге немесе 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу;

Түнгі тыныштықты бұзу (сағат 22:00–09:00 аралығы):

– Жеке тұлғалар үшін – 19 660 теңге;
– Кәсіпкерлер үшін – 78 000 теңгеге дейін;

Кіреберіске бөгет жасайтын заттарды қою (велосипед, арба, жәшік және т.б.) – тыйым салынған.

Жаңа талаптар тұрғын үй мәдениетін арттырып, көршілер арасындағы өзара сыйластықты қалыптастыруға бағытталған, – делінген полиция мәліметінде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Кеше, 20:00

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды
Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзін Алматы төңірегінде түрмеге ауыстыруын сұрайды
Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →