×

Заң бойынша қандай жағдайда бет тұмшалауға рұқсат етілетіні айтылды

Сенатта бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заңға түзетулер енгізу талқыланып жатыр

Заң бойынша қандай жағдайда бет тұмшалауға рұқсат етілетіні айтылды
Сурет: Boris Roessler/dpa/Global Look Press

Бүгін Сенат «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заңға түзетулер енгізу талқыланды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Түзету Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды.

Енді елде бет-жүзді жауып тұратын маска, балаклава немесе киім элементтерін киюге тыйым салу ұсынылуы мүмкін.

 Адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киімдерді пайдалану арқылы жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін осындай ұсыныс енгізіліп отыр, – деді сенатор Наурызбай Байқадамов.

Дегенмен, бұл талаптан келесі жағдайлар босатылады:

  •  Қазақстан заңнамасының талаптарын орындау қажет болғанда;

  • қызметтік (лауазымдық немесе еңбек) міндеттерді атқару барысында;

  • медициналық себептермен;

  • азаматтық қорғаныс мақсатында;

  • ауа райының жағдайына байланысты;

  • спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдар үшін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Кеше, 20:00

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды
Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзін Алматы төңірегінде түрмеге ауыстыруын сұрайды
Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →