×

Алматыдағы Orda City тұрғын үй кешені сот шешімімен бұзылады

Тұрғын үй кешені БАҚ-та пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үйлер тізімінде көрсетілген болатын

Алматыдағы Orda City тұрғын үй кешені сот шешімімен бұзылады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша қаладағы заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілуде, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бүгін Қалалық құрылыс бақылау басқармасы «Теректі» шағынауданындағы Айналма көшесі, 183-учаскеде орналасқан заңсыз нысанды бұзу басталғанын хабарлады. Бұған дейін бұл тұрғын үй кешені БАҚ-та пәтер сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үйлер тізімінде көрсетілген болатын.

Анықталғандай, құрылыс салушы – «Investment Stroy» ЖШС аталған тұрғын үй кешенін  рұқсатсыз салған. Бұл факт жоспардан тыс тексеру барысында анықталған.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, кейін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (СМЭС) нысанды бұзу және шұңқырды қайта көміп тастау жөнінде талап арыз берілген.

2023 жылғы 12 шілдеде сот Құрылыс бақылау басқармасының талаптарын қанағаттандырды. Апелляциялық шағым қаралғаннан кейін Алматы қалалық соты СМЭС шешімін өзгеріссіз қалдырды. Іс материалдары орындау үшін Әділет департаментіне жіберілді.

Нысанды бұзу жұмыстары кеше сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Қалалық құрылыс бақылау басқармасы азаматтарға жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын тұрғын үй кешеніне қатысты барлық құжаттардың болуын міндетті түрде тексеруді ұсынады. 

Ақпаратты WhatsApp анықтамалық арнасы арқылы алуға болады: +7 705 89 66 000.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті
Кеше, 20:00

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, инновациялық жобаларды таныстырды
Журналист, YouTube желісіндегі Ne deidi арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім өзін Алматы төңірегінде түрмеге ауыстыруын сұрайды
Депутат қоғамның әлеуметтік жағдайы жайлы сөз сөйледі
Мәжіліс депутаты өзінің бұрыннан бері ақылы автотұрақтар мен жолдардың мәселесін көтеріп келе жатқанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →