×

Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланатын амнистияға кімдер ілігетіні анықталды

Бұл жолғы амнистияға 15 мың адамның жаза мерзімі қайта қарастырылып отыр

Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланатын амнистияға кімдер ілігетіні анықталды
Сурет: kursiv.media/Дастан Шанай

Конституцияның 30 жылдығына орай Мәжілісте қаралып жатқан жаңа амнистия заңы 15 мың адам, оның ішінде  34 сотталған кәмелетке толмаған баланы қамтиды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Парламент отырысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда кәмелетке толмағандарға арналған мекемелерде 75 жасөспірім жазасын өтеп жатыр. Олардың 70-і – Алматы қаласындағы №11 мекемеде ұсталып отырған ұлдар, ал бесеуі – Алматы облысындағы Жаугашты ауылындағы мекемеде отырған қыздар.

«Сотталғандардың ішінде төртеуі амнистияға ілігеді – олардың жаза мерзімі қысқарады. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бұған дейін амнистияға ілігіп, бірақ қайта қылмыс жасаған 2000-нан астам адам отыр. Олардың ішінен де біз іріктеу жүргіздік – 30-дан астам адам қайтадан амнистияға ілігіп отыр», – деді ол.

Ал депутат Абзал Құспанның мәлімдеуінше, рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді. 5,4 мың сотталған адам және пробация қызметінің есебінде тұрған 5,5 мың адам бас бостандығы жазасынан бас бостандығын шектеу жазасына жіберіледі. 11 мың адамның мерзімі қысқартылады.
Бұл 833 әйелге де қатысты. Оның ішінде 109-ы босатылады және 724-нің мерзімі қысқартылады. Әлеуметтік осал адамдар санатындағы 481 әйел (барлығы 1401) босатылады:

  • кәмелетке толмағандар – 2;
  •  жүкті әйелдер – 10;
  •  кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер/бала кезінен мүгедектер – 331;
  •  мүгедектігі барлар – 2;
  •  зейнеткерлік жастағы әйелдер – 136.
     

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →