×

Астанада LRT-ның алғашқы вагондары рельске қойылды

Тестілеу 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

Астанада LRT-ның алғашқы вагондары рельске қойылды
instagram.com/cts_kz

Астанада әуежай маңындағы №101 бастапқы станцияда жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің алғашқы вагондары рельске орнатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылғы 11 маусымда аталған станцияда жеңіл рельсті көлік құралының алғашқы құрамы – екі вагоннан тұратын пойыз сәтті көтеріліп, рельске қойылды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.

Құрамды көтеру жұмыстары жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің құрылысы аясында жоспарлы іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады. Вагондар сынақ іске қосу жұмыстары басталғанға дейін осы станцияда болады. Тестілеу 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр
Кеше, 17:48

Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

Ұлттық салт-дәстүрлер жаңғырып, мәдени, қайырымдылық және ағартушылық іс-шаралар өткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →