×

6 айға төлемді шегеру: Қазақстандықтар бірнеше несиесін біріктіріп төлеуге мүмкіндік алмақ

Өтелмеген қарыз берешегі 90 күннен асса, басқа несие берілмейді

6 айға төлемді шегеру:  Қазақстандықтар бірнеше несиесін біріктіріп төлеуге мүмкіндік алмақ
коллаж Ulysmedia

Енді қазақстандықтар қарыздары мен бірнеше несиесін біріктіріп төлей алуға мүмкіндік алмақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі борышкерлерге бірнеше проблемалық несиені біріктіріп өтеуге мүмкіндік беретін жаңа ереже әзірлеп, қоғамдық талқыға ұсынып отыр.

Жаңа мүмкіндік келесі жағдайларда қолжетімді:

 • Микроқаржы ұйымындағы қарыз 90 күннен аса кешіктірілсе;
 • Банктік қарыз 180 күннен аса мерзімі өтсе;
 • Қарыздар кепілсіз болса;
 • Жалпы берешек 1600 АЕК-тен (шамамен 6,3 млн теңге) аспаса.

Бұл жағадайларда несиесі бар борышкерлер банкке жүгініп, қарыздарын біріктіріп төлеуге немесе жаңа төлем кестесін жасауға мүмкіндік алады. Банктер айыппұл мен өсімпұлды кешіріп, 6 айға дейін төлемді шегере алады. Жоба 20 маусымға дейін қоғамдық талқыға ұсынылып отыр. Тиімділігі мен көпшіліктен қолдау болса, өзгеріс пен нормативтер енгізіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Заңгер Шерзат Болаттың есімін Талғардағы көшеге беруді ұсынды
Кеше, 21:14

Заңгер Шерзат Болаттың есімін Талғардағы көшеге беруді ұсынды

Жастар арасында Шерзаттың есімі әділет үшін күрестің символына айналды.
Бағалар Астана базарларындағы құннан 15-20 пайызға төмен
Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды.
Бұған дейін зейнеткердің ұлы қамауға алынған болатын. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →