Бүгін төменгі палатада Конституциясының 30 жылдығына байланысты амнистия туралы» заң қабылданды
Қазақстан сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстары үшін 624 бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін төменгі палатада Конституциясының 30 жылдығына байланысты амнистия туралы» заң қабылданды.
Отырыста депутат Ермұрат Бапи заң жобасының екінші бабына сәйкес, қылмыс жасаған адам әлдекімге зиян келтірмесе немесе зиянын өтесе, мұндай орташа қылмыс жасағандарға рақымшылық қолданылатынына назар аударды. Сондай-ақ, ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандардың мерзімдерін қысқарту көзделгенін атап өтті.
Бізде сыбайлас жемқорлық деген бір дерт бар. Осылардың жағдайы не болады? Оларды біз рақымшылыққа жатқызамыз ба? Себебі жемқорлықтың үлкен-кішісі болмайды. Аздап жемқорлық, толық жемқорлық деген тағы болмайды. Сонда оны жеңіл қылмыс, ауыр қылмыс деген сияқты қалай жіктейсіздер, – деп сұрады депутат.
Бұл сауалға жауап берген Абзал Құспан заң жобасының төртінші бабында рақымшылыққа ілінбейтін шектеулер нақты көрсетілгенін жеткізді.
Осы төртінші бапта қандай баптарға рақымшылық қолданылатыны нақты жазылған. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың барлық санаттағы істеріне рақымшылық қолданылмайтыны айқын көрсетілген. Қазір бас бостандығынан айыру мекемелерінде 624 адам осы сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстары үшін отыр. Олардың ешқайсысына да рақымшылық аңының талаптары қолданылмайды, – деді депутат.