×

«Қылмыскерлердің лас ақшасы керек емес». Қаржаубай Нұрымов өтемақыдан бас тартты

«Қылмыскерлердің лас ақшасы керек емес». Қаржаубай Нұрымов өтемақыдан бас тартты

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталғандардан алынған өтемақыны балалар үйіне аударатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның бұл шешімі туралы адвокаты Мейірман Шекеев мәлім етті.

Адвокаттың айтуынша, Қаржаубай мырза басынан бастап ешқандай ақшалай өтемақыны қабылдауға ниетті болмаған. Ол бар болғаны ұлының атына кір келтірмеуді сұраған.

Маған ақша керек емес. Тек баламды қараламаса болды. Менің аманатым – сол деп айтты. Сөйтіп тергеу кезінде ұсынылған қаражаттан бас тартқан, – дейді Мейірман Шекеев.

Алайда кейін, егер қандай да бір өтемақы төленетін болса, оны жеке мақсатқа емес, мұқтаж жандардың игілігіне жұмсауға дайын екенін білдірген.

Қаржаубай олардан бір тиын да сұрағысы келмеді. «Маған қылмыскерлердің лас ақшасы керек емес» деді. Азаматтық талап арыз берудің маңыздылығын түсіндірдік. Шартты мерзім болмас үшін моралдық ақыны өтеу талабын қою керек екенін айтқанда ғана келісті. Оның өзінде «егер өтемақы алсам, ол ақшаны балалар үйіне беремін»деген болатын, - дейді адвокаты.

Судья Ержан Жанұзақов 5 маусымда Шерзат Болаттың ата-анасы мен әжесінің сотталғандардан моралдық және материалдық залал өндіріп алу туралы талап-арыздарын ішінара қанағаттандырған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте «DamDastour» халықаралық фестивалі өтті
Бүгін, 11:47

Шымкентте «DamDastour» халықаралық фестивалі өтті

Фестивальге қаладағы 50-ге жуық мейрамхана қатысты
Мерекенің шымылдығы «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты театрландырылған қойылыммен түрілді
Ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, тұсаукесер, қыз айттыру, сүйінші сұрау, бастаңғы, беташар, төс қағыстыру, сүйек жаңғырту және басқа да қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс қойылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →