×

Өскемен, Зайсан мен Тарбағатайда жаңа кинотеатр салынады

Онда барлығы 2 050 адамға шақталған 17 кинозал болады

Өскемен, Зайсан мен Тарбағатайда жаңа кинотеатр салынады
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстанда шекара маңындағы аудандар мен шалғай елді мекендерді, сондай-ақ туризмді дамыту аясында бірнеше демалыс нысанын салу жоспарлануда, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Атап айтқанда, инвесторлардың көмегімен шекара маңындағы Зайсан мен Тарбағатай аудандарында кинотеатрлары және фастфуд дәмханалары бар кешендер бой көтермек.

Ал Өскемен қаласындағы Есенберлин және Қазбек би даңғылдарының қиылысында жаңа кинотеатр салынады деп жоспарланып отыр. Онда барлығы 2 050 адамға шақталған 17 кинозал болады. Кинотеатр лазерлік проекция, «Dolby Atmos» аудиожүйесі, «Euroseating» креслолары сияқты заманауи технологиялармен жабдықталады. Кинотеатр қонақтарына сан алуан кино жанрлары ұсынылатын болады. Оның ішінде қазақстандық туындылар, авторлық кино, балаларға арналған фильмдер, блокбастерлер және тағы басқа жанрлар бар.

 

 

 

 

 

Сонымен қатар, кинотеатрда әртүрлі форматтағы залдар болады. Мысалы, премьералық залда танымал актерлер және режиссерлердің қатысуымен қазақстандық фильмдердің премьералары өтеді.

Ал жайлылық пен тыныш атмосфераны қалайтын көрермендер үшін кинотеатр аумағында орналасқан отбасылық мейрамхананың қызметі қатар ұсынылатын премиум залдар жұмыс істейді. Мұнда тамаққа залдан шықпай-ақ, арнайы мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады.

Сонымен қатар, қала тұрғындарының жайлылығы үшін кинотеатр аумағында автотұрақ пен саябақ аймағы да салынбақ.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Заңгер Шерзат Болаттың есімін Талғардағы көшеге беруді ұсынды
Кеше, 21:14

Заңгер Шерзат Болаттың есімін Талғардағы көшеге беруді ұсынды

Жастар арасында Шерзаттың есімі әділет үшін күрестің символына айналды.
Бағалар Астана базарларындағы құннан 15-20 пайызға төмен
Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды.
Бұған дейін зейнеткердің ұлы қамауға алынған болатын. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →